В.науқас ауыр жағдайда қабылдау бөліміне түсті. Тексеру кезінде келесі белгілер анықталды: қарашықтың тарылуы, сілекейдің қатты бөлінуі, құсу, іш өту, тыныс алудың қиындауы. Тексеру кезінде жүрек соғу жиілігінің азаюуы және АҚҚ төмендеуі анықталды. Анамнезінде науқастың бір күн бұрын қуырылған саңырауқұлақ жегені анықталды. Қандай у улануды тудырады және осыған ұқсас әсер ететін препараттың фармакологиялық тобын анықтаңыз. Мускарин, М-холиномиметиктер
Терапия бөлімшесіне препаратқа әдеттен тыс реакциясы бар науқас келіп түсті. Тұқымқуалайтын ферментопатиялардың әсерінен дәрілік заттарға сезімталдықтың жоғарылауы және реакциялардың бұрмалануы қалай аталады? Идиосинкразия
Науқаста көз тамшыларын тамызғаннан кейін мидриаз және аккомодация сал ауруы пайда болды. Көзішілік қысым жоғарылады. Қандай топтың препаратты осындай әсерді тудыруы мүмкін? М-холинолитиктер
Науқаста бронх демікпесі және АҚҚ төмендеу көрсеткішімен анафилактикалық шок дамыды. Осы симптоматиканы жою үшін науқасқа төменде көрсетілген препараттардың қайсысын енгізу керек? Адреналин гидрохлориді
Н. науқас ұзақ уақыт бойы гипертонялық ауру бойынша диспансерлік бақылауда болды. 10 жыл емделген. Соңғы алты айда ол Х атты препарат қабылдаған. Дәрігер препаратты тағайындаған кезде, тамыр соғу жиілігін бақылау қажет екенін және препаратты кенеттен тоқтатуға болмайтындығын ескертті. Науқас дәрігердің нұсқауларын мұқият орындады. Науқас саяжайда үй шаруасымен жүріп, бірнеше рет дәрі қабылдауды ұмытып кеткен. Ес түссіз жағдайда науқасты аурухананың терапия бөліміне жеткізген. Мұқият сұрастырудан кейін ауыр ұстаманың себебі белгілі болды: препаратты кенеттен тоқтату. Науқас қандай фармакологиялық топтың, қай препаратын қабылдаған?