Фармакология кафедрасы



бет100/268
Дата17.03.2023
өлшемі2,91 Mb.
#172787
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   268
Байланысты:
3 курс СТОМ 2011 каз яз

3. Оқыту міндеттері:

  1. Қабынуға қарсы және аллергияға қарсы заттардың жіктелуімен танысу.

  2. Қабынуға қарсы және аллергияға қарсы заттардың фармакокинетика және фармакодинамиканың жалпы заңдылықтарын оқу.

  3. Клиникалық практикада, соның ішінде стоматолог дәрігердің тәжірибесінде қабынуға қарсы және аллергияға қарсы заттардың негізгі қолдануға көрсеткіштерін оқу.

  4. Қабынуға қарсы және аллергияға қарсы заттардың рецептте жазылуын, бір реттік және тәуліктік мөлшерлерді санауды үйрену, соның ішінде стоматологияда.

  5. Препараттың жеке ерекшеліктерін және қасиеттерін ескере отырып, қабынуға қарсы және аллергияға қарсы заттардың енгізу жолдарын, мөлшерлеу режимінің принциптерін оқып білу.

  6. Қабынуға қарсы және аллергияға қарсы заттардың комбинирлеу мүмкіншіліктерін оқып білу.

  7. Жанама әсерлерін және оларды алдын алу жолдарын оқып білу.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Қабынуға қарсы заттардың жіктелуі.

  2. Стероидты қабынуға қарсы заттар, қабынуға қарсы әсерінің механизмі, салыстырмалы сипаттамасы, енгізу жолдары, жанама әсерлері.

  3. Стероидты қабынуға қарсы заттардың аллергияға қарсы және иммунодепрессивті әсерлерінің мүмкін болатын механизмі.

  4. Стероидты емес қабынуға қарсы заттардың негізгі әсерлері және олардың мүмкін болатын әсер механизмі.

  5. Препараттардың қабынуға қарсы, ыстық түсіруші және ауру сезімді басушы әсерлері бойынша салыстырмалы сипаттамасы.

  6. Аллергияға қарсы препараттардың жіктелуі және әсер ету механизмі, олардың салыстырмалы сипаттамасы, қолданылуы, жанама әсерлері.

  7. Гистаминге қарсы, серотонинге қарсы (ципрогептадин) және брадикининге қарсы (пармидин) препараттар.

  8. Баяу дамитын аса жоғары сезімталдылықта қолданылатын препараттар.

  9. Анафилактикалық шокта қолданылатын заттар (адреномиметиктер, бронхолитиктер, тіннің зақымдалуын азайтатын заттар)

  10. Кромолин-натрий мен кетотифеннің әсер ету принциптері және қолданылуы.

  11. Иммунодепрессанттар. Жіктелуі. Әсер ету механизмі. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы.

  12. Иммунодепрессанттарды қолдануға көрсеткіштер.

  13. Иммунодепрессивті терапияның асқынулары (ерте және кеш).

  14. Иммуномодулирлеуші заттар. Баяу дамитын аса жоғары сезімталдылықта қолданылатын заттар.

  15. Иммуногенезді тежейтін заттар. Тіннің зақымдалуын азайтатын препараттар (қабынуға қарсы заттар).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   268




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет