Фармакология кафедрасы



бет96/268
Дата17.03.2023
өлшемі2,91 Mb.
#172787
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   268
Байланысты:
3 курс СТОМ 2011 каз яз

Тест №10
Препаратты анықтау: антикоагулянт, әсері тез басталады және 3-6 сағатқа созылады, кумуляцияланбайды.

  1. Фенилин

  2. Гепарин

  3. Неодикумарин

  4. Варфарин

  5. Фепромарон

Ескерту: жауаптар эталоны оқытушының қолында.

19 сабақ


Тақырыбы: « Гормондық препараттар, олардың алмастырушылары мен синтетикалық аналогтары
2. Сабақтың мақсаты. студенттерді гормондық препараттар мен олардың синтетикалық аналогтарының, антагонистерінің фармакокинетикасын және фармакодинамикасын білуге, әртүрлі патологиялық жағдайларда, соның ішінде стоматологиялық практикада қолдануды дұрыс таңдай білуге оқыту, рецепттерді дұрыс жазуға үйрету.


3. Оқытудың міндеттері.

        1. Гормондық препараттар мен олардың синтетикалық аналогтарының, антагонистерінің фармакокинетикасын және фармакодинамикасын зерделеу.

        2. Дәрілік заттардың қасиеттері жөніндегі мәліметтердің негізінде оларды қолдану мүмкіндіктерін зерделеу.

        3. Гормондық препараттар мен олардың синтетикалық аналогтарын, антагонистерін қолдануға негізгі көрсетулерді, қарсы көрсетулерін, жағымсыз әсерлерін зерделеу, олардың дамуын алдын алу.

        4. Осы топтың негізгі препараттарына әртүрлі дәрілік қалыпта рецепт жаза білуге үйрену.

        5. Фармакотерапияның тиімділігін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін гормондық препараттар мен олардың синтетикалық аналогтарының, антагонистерінің басқа препараттармен өзара әсерлесуін бағалай білуге үйрену.

        6. Осы топ препараттарының арсеналындағы жаңа препараттар, олардың қолданыстағы препараттардан артықшылығы жөнінде хабардар болу.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Гормондық препараттардың жіктелуі, алыну көздері, әсер ету механизмдері Гормондық терапияның принциптері.

  2. Гипоталамус және гипофиз гормондарының препараттары. Гипофиздің алдыңғы бөлігі гормондарының ішкі секрецияның қызметтеріне әсері. Гонадотропты, лактогенді (лактин) гормондарының препараттары. Қолдануға көрсетулер.

  3. Гипофиздің алдыңғы бөлігі гормондарының препараттары - антагонистері. Бромокриптин, оның соматотропин және пролактин өндірілуіне әсері. Қолдануға көрсетулер. Жанама әсерлері.

  4. Гипофиздің артқы бөлігі гормондарының жатырдың тонусына әсері. Диурезге қарсы вазопрессин гормонының ішектің және тамырдың тонусына әсерлері. Питуитрин және адиурекриннің әсер ету ерекшеліктері. Қолдануға көрсетулер. Жанама әсерлері.

  5. Эпифиз гормонының препараттары. Қолдануға көрсетулер. Жанама әсерлері.

  6. Тироксин және трийодтирониннің зат алмасуына әсерлері. Қалқанша безі гормондарын қолдану, олардың салыстырмалы сипаттамалары. Тиреокомб. Жанама әсерлері.

  7. Кальцитониннің физиологиялық маңызы. Қолдануға көрсетулер. Жанама әсерлері.

  8. Паратиреоидин, фосфор және кальций алмасуына әсері. Қолдануға көрсетулер. Жанама әсерлері.

  9. Инсулин және глюкагонның зат алмасуына әсері. Инсулинді алу көздері.

  10. Инсулиннің тазартылған (монопиктік, монокомпонентік), қысқа және әсері ұзартылған (орташа және ұзақ әсер ететін) препараттары, әсерінің басталуы бойынша олардың салыстырмалы сипаттамалары. Қант диабетін емдеу үшін мөлшерлеу принциптері. Асқынулар, жедел көмек шаралары. Инсулиннің рекомбинанатты препараттары (хумулин-гегуляр, протафан, глимеперид).

  11. Синтетикалық гипогликемиялық заттар – сульфонилмочевина және бигуанид туындылары, көмірсулардың аш ішектен сіңірілуін тежейтін - акарбоза, олардың әсер ету механиизмдері, салыстырмалы сипаттамалары, қолдануға көрсетулер, жанама әсерлері.

  12. Стероидты құрылысты гормондық препараттар. Бүйрекүсті безінің гормондық препараттары. Жіктелуі.

  13. Минералокортикоидтардың қолдануға негізгі көрсетулер және әсер ету ерекшеліктері. Минералокортикоидтардың антагонистері.

  14. Глюкокортикостероидтардың зат алмасуына (көмірсу, белок, май, су-тұз) әсерлері.

  15. Глюкокортикостероидтардың негізгі фармакологиялық әсерлері. Қабынуға, аллергияға қарсы, десенсиблизациялық, иммунодепрессивті, шокқа қарсы және антитоксикалық әсерлерінің механизмдері.

  16. Жекелеген препараттардың салыстырмалы сипаттамасы, жанама әсерлері.

  17. Жергілікті қолдануға арналған синтетикалық глюкокортикоидтар. Преднизолонның дифтор туындыларының (флуметазон, беклометазон) әсер ету және қолдану ерекшеліктері.

  18. Аналық жыныс безінің гормондары. Стероидты құрылысты және стероидты емес синтетикалық (синэстрол) эстрогендер, салыстырмалы сипаттамалары, қолдануға көрсетулер, жанама әсерлері.

  19. Гестагендік препараттар, олармен шақырылатын әсерлер, қолданылуы. Ұзақ әсер ететін гестагендер (оксипрогестерон капронаты).

  20. Аталық жыныс бездерінің препараттары, қолдануға көрсетулер, жанама әсерлері.

  21. Анаболикалық стероидтар, полардың белок алмасуына әсері, қолдануға көрсетулер және қарсы көрсетулер, жанама әсерлері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   268




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет