Мақсаты: информатика курсы бойынша қолданылатын бағдарламалық құралдарды талдау. Сұрақтар мен тапсырмалар



бет1/7
Дата14.12.2021
өлшемі26,73 Kb.
#126501
түріПрограмма
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Тыныштықбай Ұлман лаб1


Зертханалық жұмыс №1

«Информатика курсының бағдарламалық қамтамасыз етілуі»



Мақсаты: информатика курсы бойынша қолданылатын
бағдарламалық құралдарды талдау.

Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Мектептегі ДЭЕМ-дер үшін көп таралаған операциалық жүйелер . Олардың салыстырмалы сипаттамалары.

Операциялық жүйе ДЭЕМ-дегі кез келген программалық жабдықтардың ажырамас екінші бөлігі болып саналады. Әрбір адамға ЭЕМ-нің барлық құрылғыларын басқару мүмкіншілігін беретін, сол себепті басқа программаларды аппаратурамен байланыс жасатудан босататын, компьютерде жұмыс істегісі келетін әрбір адамға өте қажет операциялық жүйенің немесе системаның (ОС) алатын орны ерекше болып есептеледі.

ОС-тың екі негізгі қызметін атап айту қажет, олар:

1) Барлық қолданбалы және жүйелік программалардың жұмысын оларды бір-бірімен және аппараттық жабдықтармен байланыстыра отырып, қамтамасыз ету;

2) Әрбір адамға ЭЕМ-нің жалпы басқару мүмкіншілігін беру.

ОС-тың негізгі жұмысына программалардың бір-бірімен және сыртқы құрылғылармен байланыса отырып әрекет етуін қамтамасыз ету, оған керекті ЭЕМ-нің жадын бөлу, программаларды және жұмыс нәтижесін қағазға, экранға шығару жолдарын ұйымдастыру, мәліметтерді сыртқы ортадан алу және беру функциялар жатады. ОС-тың негізгі ядросы машина іске қосылған сәттен бастап ЭЕМ-нің жадында болады. Машинаны басқару ОС-тың командалық тілі арқылы жүргізіледі, ол дискіні басқару, мәліметтерді көшіру, кез келген программаны іске қосу, керекті жұмыс режимін орнату сияқты әртүрлі әрекеттерден тұрады.

Сонымен, ОС – адам мен ЭЕМ аппараттарының арасындағы байланысты ұйымдастыратын программа немесе біріктірілген программалар тобы. Оның құрамына өз командалары және драйверлер – сыртқы құрылғыларды басқару программалары, утилиттер – жұмысты жеңілдететін программалар және тағы басқалар кіреді.

ОС дербес компьютердің аппаратурасының жалғасы сияқты, ол атқаратын істерді мынадай үш топқа жіктеуге болады:

1) мәліметтерді енгізу-шығарудың барлық түрлерін ұйымдастыру;

2) ЭЕМ-нің сыртқы ортамен байланыстыру;

3) мәліметтерді сақтау мен өңдеу жұмыстарын атқару.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет