Фармакология кафедрасы


Ескерту: Тесттік тапсырманың жауаптары оқытушыда. № 26 сабақ



бет117/268
Дата17.03.2023
өлшемі2,91 Mb.
#172787
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   268
Байланысты:
3 курс СТОМ 2011 каз яз

Ескерту: Тесттік тапсырманың жауаптары оқытушыда.
26 сабақ
1. Тақырыбы: «Туберкулезге және мерезге қарсы заттар»
2. Мақсаты: Белгілі бір патологиялық жағдайларда препараттарды таңдау мақсатында, туберкулезге және мерезге қарсы заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының негізгі заңдылықтары жайлы түсінікті қалыптастыру, сонымен қатар стоматология тәжірибесіндеде. Дәрілік заттарға рецепт жаза білу.
3. Оқыту міндеттері:
1. Туберкулезге және мерезге қарсы заттардың жіктелуімен танысу.
2. Туберкулезге және мерезге қарсы заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының негізгі заңдылықтарын оқыту.
3. Клиникалық тәжірибеде, сонымен қатар стоматолог дәрігердің тәжірибесінде, туберкулезге және мерезге қарсы заттардың қолдануға негізгі көрсеткіштері.
4. Туберкулезге және мерезге қарсы заттарға, сонымен қатар стоматология тәжірибесінде қолданылатын препараттарға, рецепт жазу, бір реттік және тәуліктік мөлшерді есептеуді үйрену.
5. Туберкулезге және мерезге қарсы заттардың, сонымен қатар стоматология тәжірибесінде қолданылатын препараттардың, енгізу жолдары, жеке қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты мөлшерлеу принциптері.
6 Туберкулезге және мерезге қарсы заттарды жұптастырып қолданана білу, жағымсыз жанама әсерлері, олардын алдын алу.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Туберкулезге қарсы заттар. Жіктелуі.
2.Тиімділігі жоғары препараттар (1 топ), тиімділігі орташа (2 топ) және тиімділігі төмен препараттар.
3.Негізгі және резервтегі препараттардың әсер ету механизмдері және спектрі.
4.Туберкулезге қарсы заттардың фармакокинетикасы.
5.Туберкулезге қарсы дәрілік заттардың негізгі емдеу принциптері.
6.Туберкулезге қарсы дәрілік заттардың әсер ету ерекшеліктері. Жанама әсерлері.
7.Спирохетаға қарсы заттар.
8.Бензилпенициллин препараттарының спирохетаға қарсы әсері.
9.Висмут препараттарының әсер ету механизмдері. Жанама әсерлері.
10.Спирохетаға қарсы резервтегі антибиотиктер (тетрациклин, доксициклин,эритромицин, азитромицин, цефтриаксон). Жанама әсерлері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   268




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет