Ескерту: Тесттік тапсырманың жауаптары оқытушыда.
№27 сабақ
1. Тақырыбы: «Вирусқа және саңырауқұлаққа қарсы заттар»
2. Мақсаты: Белгілі бір патологиялық жағдайларда препараттарды таңдау мақсатында, вирусқа және саңырауқұлаққа қарсы заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының негізгі заңдылықтары жайлы түсінікті қалыптастыру, сонымен қатар стоматология тәжірибесіндеде. Дәрілік заттарға рецепт жаза білу.
3. Оқыту міндеттері:
1. Вирусқа және саңырауқұлаққа қарсы заттардың жіктелуімен танысу.
2. Вирусқа және саңырауқұлаққа қарсы заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының негізгі заңдылықтарын оқыту.
3. Клиникалық тәжірибеде, сонымен қатар стоматолог дәрігердің тәжірибесінде, вирусқа және саңырауқұлаққа қарсы заттардың қолдануға негізгі көрсеткіштері.
4. Вирусқа және саңырауқұлаққа қарсы заттардың, сонымен қатар стоматология тәжірибесінде қолданылатын препараттарға, рецепт жазу, бір реттік және тәуліктік мөлшерді есептеуді үйрену.
5. Вирусқа және саңырауқұлаққа қарсы заттардың, сонымен қатар стоматология тәжірибесінде қолданылатын препараттардың, енгізу жолдары, жеке қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты мөлшерлеу принциптері.
6 Вирусқа және саңырауқұлаққа қарсы заттарды жұптастырып қолданана білу, жағымсыз жанама әсерлері, олардын алдын алу.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Вирусқа қарсы заттар. Жіктелуі.
2.Тұмауды емдеу және алдын алу үшін қолданылатын заттар. Әсер ету механизмі, жанама әсерлері.
3.Ұшықты емдеу үшін қолданылатын заттар. Әсер ету механизмі, жанама әсерлері.
4.Интерферондардың қолданылуы, қасиеттері, биологиялық маңызы. 5.Интерфероногендер.
6.ЖИТСті емдеуге арналған заттар Жанама әсерлері.
7.Саңырауқұлаққа қарсы заттар. Патологиялық үрдістің орналасуы туралы түсінік.
8.Саңырауқұлаққа қарсы заттардың жіктелуі.
9.Беткей микозды емдеу үшін қолданылатын заттар, әсер ету механизмі, салыстырмалы сипаттамасы, жанама әсерлері.
10.Жүйелі микозды емдеу үшін қолданылатын заттар, әсер ету механизмі, салыстырмалы сипаттамасы, жанама әсерлері.
11.Дерматомикоз кезінде қолданылатын препараттар. Жергілікті және резорбтивті әсер ететін заттар, әсер ету механизмі, салыстырмалы сипаттамасы, жанама әсерлері.
12.Саңырауқұлақ ауруларын емдеу үшін йод препараттарын қолдану.
13.Саңырауқұлаққа қарсы заттардың басқа препараттармен өзара байланысуы.
Достарыңызбен бөлісу: |