173. Жергілікті анестетиктердің әсерін күшейтетін және ұзартатын факторлар:
1. Қышқыл орта
2. Сілтілі орта
3. Сульфаниламидті препараттармен қосып енгізу
4. Анестетиктерді қолданған аймақта қабыну үрдісінің болуы
5. Адреномиметиктерді қолдану
174. Жергілікті анестетиктердің әсерін ұзарту және күшейту үшін қолданылатын заттар:
1. Атропин
2. Бензогексоний
3. Фенотерол
4. Адреналин
5. Платифилин
175. Анестезин қолданылатын жағдайлар:
1. Қышумен жұретін тері ауруларында (жағылмасын)
2. Жара және ойық жара бетіне жағу үшін (сеппесін, жағылмасын)
3. Тік ішек ауруларында (суппозиториясын)
4. Асқазан ауырғанда таблеткасын ішке қабылдайды
5. Анестезияның барлық түрінде
176. Сульфаниламидтердің бактерияға қарсы әсері келесі заттардың ықпалынан төмендейді:
1. Лидокаиннің
2. Анестезиннің
3. Новокаиннің
4. Дикаиннің
5. Тримекаиннің
177. Новокаинге тән әсерлер:
1. Уыттылығы өте жоғары
2. Уыттылығы төмен
3. Инфильтрациялық анестезия кезінде әсер ету ұзақтығы 30-60 мин
4. Инфильтрациялық анестезия кезінде әсер ету ұзақтығы 2 сағат
5. Анестезияның барлық түрінде қолданылады
178. Органикалық емес қармаушы зат:
1. Висмуттың негізгі нитраты
2. Белсендірілген көмір, тальк
3. Ментол, қыша қағазы, аммиак ерітіндісі
4. Танин, емен қабығының қайнатпасы
5. Крахмал шырышы
179. Сорып алушы заттарға жатады:
1. Висмуттың негізгі нитраты
2. Белсендірілген көмір, тальк
3. Ментол, қыша қағазы, аммиак ерітіндісі
4. Танин, емен қабығының қайнатпасы
5. Крахмал шырышы, алюминий гидрототығы
180. Афферентті иннервацияға әсер ететін заттар:
1. Жергілікті анестетиктер
2. Іш жүргізетіндер
3. Қаптаушы заттар
4. Сорып алушы заттар
5. М-холинблокаторлар
Достарыңызбен бөлісу: |