Фармакология кафедрасы


Жағдайлық есептердің жауаптары



бет258/268
Дата17.03.2023
өлшемі2,91 Mb.
#172787
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   268
Байланысты:
3 курс СТОМ 2011 каз яз

Жағдайлық есептердің жауаптары:

  1. Лидокаин, натрий каналдарын тежейді.

  2. сульфаниламидті препараттардың микробқа қарсы белсенділігі төмендейді.

  3. Анестезин.

  4. Анестезин.

  5. Висмуттың негізгі субнитраты.



Тақырыбы: « Холинергиялық заттар»
1. Бронх демікпесі бар науқасқа препарат тағайындалды. Бронхоспазм ұстамасы тоқтады, бырақ науқас жүректің соғуы, ауыздың құрғауы, көрудің өткірлігі төмендегені туралы шағымданды. Қандай препарат тағайындалған? Осы асқынулардың даму механизмдері неге байланысты болды?
2. Миастениясы бар науқасқа қаңқа бұлшықетінің тонусын күшейту мақсатында дәрілік зат тағайындалды. Бырақ аз уақыттан соң миоз, ішектің гиперперистальтикасы, сілекейдің ағуы, брадикардаия дамыды. Қандай зат тағайындалған? Осы асқынуларды болдырмау үшін не істеу қажет?
3. Гипертензиялық ауыруы және стенокардиясы бар, бронх демікпесімен ауыратын науқасқа М-холиноблокатор тағайындалды. Қандай М-холиноблокатор тағайындаған жөн?
4. Тынысы кенеттен тежелген науқастың (электрожарақат алған) көк тамырына препарат салынды. Тынысы дәрілік затты енгізгеннен кейін қалыптасты, бырақ құсық пайда болды. Науқасқа қандай препарат тағайындалған?
5. Гипертензиялық ауруы бар науқас гипотензивті дәрілік зат қабылдады. Қан қысымы төмендеді, науқас төсектен тұрған кезде бірден бозарып, басы айналып, есінен танып қалды. Науқасты қайта төсекке жатқызды. Аздан соң барлық симптомдар жоғалды. Науқасқа қандай препарат салынды? Науқас төсектен тұрған кезде неліктен естен тану болды? Осы асқынудың алдын алу үшін қандай шаралар жасалуы қажет?
Жағдайлық есептердің жауаптары:
1. Атропин. Жанама әсердің себептері: n. vagus блокадасы.
2. Прозерин. М-холинорецепторларды тежейді.
3. Платифиллин.
4. Цититон.
5 . Бензогексоний. 2сағат ішәнде горизонтальді қалыпты сақтау.
Тақырыбы: «Адренергиялық заттар»
1. Бронх демікпесі бар науқас жүрек соғуының жиілеуіне шағымданып дәрігерге келді. Дәрігер дәрі тағайындады. Тахикардия жоғалғанымен науқасты тұншықпа ұстамалары мазалай бастады. Бета-адреноблокаторлар тобынан қандай препарат науқасқа тағайындалды? Тұншықпа ұстамалары неліктен дамыды?
2. Бронх демікпесі бар науқасқа дәрілік зат тағайындалды . Науқастың жағдайы жақсарғанымен, АҚ көтеріліп, мазасыздық, ұйқысыздық және бас ауыруы пайда болды. Қандай препарат науқасқа тағайындалды?
3. Гипертониялық ауыруы бар науқас дәрігерге шағымданды: асқазан тұсындағы ауыру сезімі, гиперсаливация, мұрнының бітуі. Қандай гипотензивтік препарат осы аталған асқынуларды шақыруы мүмкін? Неліктен?
4. Науқасқа гипертониялық ауыруын емдеу мақсатында стенокардия және тахиаритмияларды емдеуге болатын препарат тағайындалды. Қандай препарат науқасқа тағайындалды?
5. Облитерациялық эндоартериитте қандай адренергиялық препарат тағайындауға болады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   268




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет