1. Тақырып: Антидепрессанттар. Психостимуляторлар. 2. Мақсаты: Стоматологиядағы кейбір патологиялық жағыдайлара препараттарды тиімді таңдау үшін антидепрессанттардың, психостимуляторлардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық жалпы заңдылықтарына арналған білімдерін біріктіру, оларға рецепт жаза білу.
3. Оқыту міндеттері: 1. Антидепрессанттардың және психостимуляторлардың жіктелуімен танысу
2. Антидепрессанттардың және психостимуляторлардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық жалпы заңдылықтарын оқыту
3. Клиникалық практикада антидепрессанттарды және психостимуляторларды қолдануға болатын негізгі көрсетулерді оқу, соның ішінде врач –стоматологтың практикасында
4. Негізгі антидепрессанттарға және психостимуляторларға рецепт жазуды үйрену, соның ішінде стоматологияда қолданатын, бір реттік және тәуліктік мөлшерлерін есептеу
5. Ағзаның жеке дара ерекшеліктерін, аурудың сипатын және препараттың қасиеттерін ескере отырып аталған заттрдың енгізу жолдарын, мөлшерлеу тәртібін және принциптерін меңгеру, соның ішінде стоматологияда.
6. Антидепрессанттарды және психостимуляторларды жұптастыру мүмкіндіктері, жағымсыз жанама әсерлерін оқу және олардың алдын алу.
4. Тақырыпың негізгі сұақтары: 1. Антидепрессанттар. Жіктелуі. Әсер ету механизмі
2. Антидепрессанттардың жалпы сипаттамасы
3. Негізгі фармакологиялық әсерлері
4. Негізгі препараттардың салыстырмалы сипаттамасы
5. Қолдануы. Жанама әсерлері
6. Психостимуляторлар. Жіктелуі. Әсер ету механизмі.
7. Негізгі психостимуляторлардың фармакологиялық әсерлері
8. Негізгі препараттардың салыстырмалы сипаттамасы
9. Клиникалық практикада қолдану, соның ішінде стоматологияда
10. Психостимуляторлардың жанама әсерлері, дәріге тәуелділік даму мүмкіндігі
5. Білім беру және оқыту әдістері: тақырыптың негізгі сұрақтарын ауызша сұрау, жағыдайлық есептерді шешу, тесттік тапсырмаларды орындау, аз топтармен жұмыс істеу, кестелерді, суреттерді, сызбаларды сараптау, қорытындылау, рецепт жазып оны фармакологиялық талдау, бір реттік мөлшерін есептеу.