1. Тақырыбы: Психозға қарсы заттар. Транквилизаторлар. Тыныштандырғыш заттар. 2. Мақсаты: Стоматологиядағы кейбір патологиялық жағыдайлара препараттарды тиімді таңдау үшін нейролептиктердің, транквилизаторлардың, тыныштандырғыш заттардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық жалпы заңдылықтарына арналған білімдерін біріктіру, оларға рецепт жаза білу.
3. Оқыту міндеттері: Нейролептикердің, транквилизаторлардың және тыныштандырғыш заттардың жіктелуімен танысу
Нейролептикердің, транквилизаторлардың, тыныштандырғыш заттардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық жалпы заңдылықтарын оқыту.
Клиникалық практикада нейролептикерді, транквилизаторларды және тыныштандырғыш заттарды қолдануға болатын негізгі көрсетулерді оқу, соның ішінде врач –стоматологтың практикасында.
Негізгі нейролептикерді, транквилизаторларды, тыныштандырғыш заттарды рецептте жазуға ұйрену, соның ішінде стоматологияда қолданатын, бір реттік және тәуліктік мөлшерлерін есептеу.
Ағзаның жеке дара ерекшеліктерін, аурудың сипатын және препараттың қасиеттерін ескере отырып нейролептикердің, транквилизаторлардың және тыныштандырғыш заттардың енгізу жолдарын, мөлшерлеу тәртібін және принциптерін меңгеру, соның ішінде стоматологияда.
Нейролептикерді, транквилизаторларды, тыныштандырғыш заттарды жұптастыру мүмкіндіктері, жағымсыз жанама әсерлерін оқу және олардың алдын алу.
4. Тақырыпың негізгі сұақтары: Психотропты заттар. Нейролептикер. Жіктелуі. Әсер ету механизмі
Нейролептикердің негізгі фармакологиялық әсерлері
Кеңінен қолданатын нейролептикердің салыстырмалы сипаттамасы
Нейролептиктердің негізгі жанама әсерлері. Нейролептиктерді қолданған кезде болатын экстрапирамидтік бұзылыстар және оларды фармакологиялық реттеу
Транквилизаторлар. Анықтамасы. Нейролептиктерден айырмашылығы. Әсер ету механизмі.
Транквилизаторлардың негізгі фармакологиялық әсерлері
Қолдануға көрсетулер. Транквилизаторларды стоматологияда қолдану
Траквилизаторларға тән жанама әсерлер. Дәріге тәуелділік даму мүмкіндігі
Тыныштандырғыш заттар, ОЖЖ не әсері, әсер ету механизмі