Фармакология кафедрасы


Тақырыбы: «Актопротекторлар, жалпы тонусты ынталандыратын заттар



бет145/268
Дата17.03.2023
өлшемі2,91 Mb.
#172787
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   268
Байланысты:
3 курс СТОМ 2011 каз яз

1. Тақырыбы: «Актопротекторлар, жалпы тонусты ынталандыратын заттар».
2. Мақсаты:
1. Актопротекторлар мен жалпы тонусты ынталандыратын заттардың ерекшеліктері, қолданылуы, негізгі және жанама әсерлері туралы өз беттерінше дайындалу.
2. Әр түрлі дәрілік қалыптағы актопротекторлар мен жалпы тонусты ынталандыратын заттарға өздігінен рецепт жазып үйрену.
3. Тапсырмалар:
1. Актопротекторлардың жіктелуі.
2. Жалпы тонусты ынталандыратын заттардың жіктелуі.
3. Актопротекторлар мен жалпы тонусты ынталандыратын заттардың әсер ету принциптері.
4. Актопротекторлар мен жалпы тонусты ынталандыратын препараттардың ерекшеліктері.
5. Актопротекторларға жататын препараттар, негізгі әсерлері мен қолданылуы, жанама әсерлері.
6. Жалпы тонусты ынталандыратын заттардың жалпы сипаттамасы мен препараттары, қолдану ерекшеліктері.
4. Орындалу түрлері:
Тақырып бойынша реферат дайындау.
5. Орындалу көрсеткіштері:
а) соңғы жылдардағы әдебиеттерді зерделеу және іріктеу;
б) ақпараттарды өңдеу және жүйелеу;
в) жоспар құру;
г) библиография құрастыру;
д) рефераттық жұмысты безендіру.
Рефератты жұмыстың құрылымы:

  1. Бірінші беті;

  2. мазмұны (негізгі бөлімдердің беттерін көрсетіп, кезектестіріп жазу);

  3. кіріспе (зерттелетін мәселені негіздеу, оның мәні мен өзектілігі; жұмыстың мақсаты мен міндеттерін анықтау);

  4. негізгі бөлім (әр бөлім жеке мәселенің алдыңғы бөлімнің жалғасы ретінде, бір жағын немесе бір бөлігін дәлелмен анықталуы қажет; бұл бөлімде кестелер, сызбалар, суреттерді қолдануға болады немесе оларды реферативті жұмыстың жалғасы ретінде қосымша безендіруге болады);

  5. қорытынды (қорытынды жасалады, тұжырымдар мен кеңестер ұсынылады);

  6. әдебиеттер тізімі (үлгі бойынша безендіріледі)

Рефератты безендіруге және орындалуына қойылатын талаптар:
а) рефераттың көлемі 10-15 басылым бетінен артық болмауы қажет* (рефераттың көлеміне қосымша кірмейді);
б) реферативті жұмыстың жазылуы ұқыпты түзетілген және грамматикалық қатесіз болуы қажет;
в) әдебиетке сілтеме жасау санмен көрсетіледі және ол әдебиет тізіміндегі санмен сәйкес болуы қажет;
г) әдебиет тізімі рефератты жұмыстың аяғында жазылады және тексте көрсетілген пайдалану ретімен жазылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   268




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет