736. Препараттың тобын анықтау: әсер ету спектрі кең, грам оң және әсіресе грам теріс бактерияларға бактерицидтік әсер етеді. Оларға тән жанама әсерлер - нефро- және ототоксикалық: 1. Левомицетиндер
2. Карбапенемдер
3. Тетрациклиндер
4. Монобактамдар
5. Аминогликозидтер
737. Препаратты анықтау: пенициллиндер тобының антибиотигі. қанда емдік концентрациясын ұзақ тұзу қажет болғанда және ревматизмді, мерезді емдеу үшін қолданылады. Бұлшық етке енгізіледі, әсер ету ұзақтығы 3-4 апта. Пенициллиназамен ыдырайды: 1. Бензилпенициллин натрий төзы
2. Бензилпенициллин новокаин төзы
3. Бициллин 5
4. Феноксиметилпенициллин
5. Тетрациклин
738. Препараттардың тобын анықтау: осы топтың препараттары мерездің, коктардың барлық түрлерінде, диятерия, сіреспе, кұйдіргіш қоздырғыштары, анаэробты инфекциялар жқнінді тиімді. Бұлшық етке енгізгенгенде 3 - 4 сағат әсер етеді. Жанама әсерлері: аллергиялық реакциялар, анафилаксиялық шок: 1. Левомицетиндер
2. Карбапенемдер
3. Тетрациклиндер
4. Монобактамдар
5. Бензилпенициллин натрий және калий тұздары
739. Жартылай синтетикалық пенициллин. Қышқыл ортаға және пенициллиназаға тұрақты. Бензилпенициллинге резистентті стафилококпен шақырылған инфекцияларды емдеуде таңдамалы препарат. Жанама әсерлері: аллергиялық реакциялар, диспепсиялық бұзылыстар. Ішке және парентералды қолданылады: 1. Карбенициллин
2. Метациклин
3. Оксациллин натрий тұзы
4. Феноксиметилпенициллин
5. Ампициллин
740. Препараттардың тобын анықтау: әсер ету спектрі: стрептококктар, стафилококктар, диплококктар, кұйдіргі таяқшасы, бактериялардық ішек тұқымдастары, дифтерия таяқшасы, қарапайымдылар, хламидилер. әсер ету механизмі – парааминобензой қышқылының бәсекелес антагонисті. Ішке және сыртқа қолданылады. Жанама әсерлері: лейкопения, кристаллурия, аллергиялық реакциялар: 1. Макролидтер
2. Аминогликозидтер
3. Нитрофурандар
4. Сульфаниламид препараттары
5. Фторхинолондар
741. Препаратты анықтау: нитрофуран туындысы. Препарат грам оң және грам теріс микробтар жөнінде белсенді.Трихомонадаға және лямблиозға қарсы белсенділігі бар. Оған дизентерия, іш сүзегі және паратиф өте сезімтал. Микроорганизмдердің тұрақтылығы баяу дамиды. Ағзаға ішімдіктің әсерін күшейтеді: 1. Левомицетин
2. Фуразолидон
3. Метранидазол
4. Тетрациклин
5. Нистатин