742. Препаратты анықтау: көздің, терінің герпестік ауруларында, вирустық риниттерде қолданылады; тұмаудың алдын алады. Жағылма түрінде қолданылады: 1. Интерферон
2. Ацикловир
3. Ремантадин
4. Оксолин
5. Идоксуридин
743. Препаратты анықтау: вирустық әсеріне жауап ретінде донор қанының лейкоциттерімен түзілетін препарат. Тұмаудың, сондай-ақ тыныс жолдарының басқа вирустық ауруларының алдын алу үшін тағайындалады. Мұрын қуысына тамызу арқылы қолданылады: 1. Арбидол
2. Ацикловир
3. Ремантадин
4. Оксолин
5. Интерферон
744. Туберкулезге қарсы белсенді препарат, ГИНК туындысы.АІЖ-нан жақсы сіңеді. Тіндік тосқауылдар арқылы туберкулез ошақтарына және кавернаға оңай өтеді. Негізінен бүйрекпен ацетилденген түрде шығады. Препараттың Кох таяқшасына тұрақтылығы баяу дамиды: 1. Рифампицин
2. Изониазид
3. Этамбутол
4. Стрептмицин
5. Пиразинамид
745. Препаратты анықтау: химиотерапиялық зат, адамантан туындысы, тұмаудың алдын алады (әсіресе әртұрлі вирустардың А тобына күшті және вирустардың В тобына әлсіз әсер етеді). Тұмаудың алдын алу және емдеу үшін ішке қолданылады: 1. Курантил
2. Дибазол
3. Ремантадин
4. Оксолин
5. Интерферон
746. Препаратты анықтау: пенициллиндер тобына жатады, бактерицидтік әсері бар. Суспензия түрінде айына 1 рет бұлшық етке енгізіледі. Негізгі қолданылуы ревматизм рецидивінің алдын алу, мерезді емдеу үшін: 1. Бензилпенициллиннің новокаин тұзы
2. Ампициллин
3. Бициллин-5
4. Карбенициллин
5. Феноксиметилпенициллин
747. Көк ірің таяқшасына әсер ететін жартылай синтетикалық пенициллин: 1. Бензилпенициллин
2. Оксациллин
3. Феноксиметилпенициллин
4. Ампициллин
5. Карбенициллин