10% натрий салицилаты /Natrii salicylas/ 180 мл ерітіндіде. Назначить по 1 столовой ложке через 3 часа. 1 ас қасықтан әр 3 сағат сайын тағайындау.
200 мл 10% кальций хлоридінің ерітіндісі /Calcii chloridum/. 1 ас қасықтан тәулігіне 3 рет тағайындау. Препараттың бір реттік дозасын есептеу.
Құрамында 1,0 хонсуриді бар /Chonsuridum/ 6 флакон. Қолданар алдында флакон құрамындағыны 10 мл 0,5%-дық новокаин ерітіндісінде еріту. Аппликация үшін.
Құрамында 0,1 гексеналдың құрғақ ұнтағы /Hexenalum/ бар 6 флакон. Флаконның құрамындағыны 20 мл инъекцияға арналған суда еріту және көктамырға баяулатып енгізу.
10 мл 0,01%-дық фосфакол /Phosphacolum/ ерітіндісі. 2 тамшыдан тәулігіне 2 рет екі көзге. Бір реттік дозасын есептеу.
15 ампула алоэнің сұйық сығындысы /Aloes fluidum/ 0,1-ден. Тері астына енгізу.
№ 3 Сабақ
1. Тақырыбы: «Жалпы фармакология. Дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасы». 2. Мақсаты: фармакокинетика және фармакодинамика жалпы заңдылықтары туралы білімін қалыптастыру.
3. Оқыту міндеттері: 1. Фармакокинетика негізгі заңдылықтарын меңгеру
2. Фармакодинамика негізгі заңдылықтарын меңгеру