Фармакология кафедрасы


Тест №7 Сәйкестікті анықта. Түсініктерге анықтама беріңіз



бет45/268
Дата17.03.2023
өлшемі2,91 Mb.
#172787
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   268
Байланысты:
3 курс СТОМ 2011 каз яз

Тест №7

Сәйкестікті анықта. Түсініктерге анықтама беріңіз:


1. Ішкі белсенділік
2. Аффинитет
3. Аллостериялық өзара әсерлесу
4. Сенсибилизация
Анықтамасы
А – заттың олармен кешен түсуіне алып келетін рецептормен туыстастығы
Б – екі агонисттің рецептор макромолекуласының әртүрлі аймағымен байланысуы
В- рецептордың затқа сезімталдылығының артуы
Г- рецептормен байланысқан кезде заттың сол немесе басқа әсерді шақыра алу мүмкіндігі

Тест №8

Затты анықтау: ағзада зат әртүрлі тосқауылдар арқылы оңай өтеді: ішек қабырғасы, қантамырлары, жасуша мембранасы, субклеткалық құрылымдар мембранасы арқылы және т.б. негізгі сіңірілу механизмі пассивті диффузия жолымен. Бүйрек өзекшелерінде қайта реабсорбцияланады. Ағзадан метаболит түрінде шығарылады.


1. Иондалған
2. Липофилді
3. Гидрофилді
4. Төртіншілік
5. Майда ерімеитін
Тест №9
Метаболикалық трансформация жүзеге асырылады:
1. Конъюгация есебінен
2. Тотығу есебінен
3. Этилдену сесбінен
4. Тотықсыздану есебінен
5. Гидролиз есебінен
Тест №10

Сәйкестікті анықта:


Түсінік
1. Этиологиялық
2. Патогенетикалық
3. Профилактикалық
4. Орын басушы
5. Симптоматикалық
Ескерту: тесттік тапсырмалардың жауаптары оқытушыларда

4 Сабақ


1. Тақырыбы: «Жалпы рецептура. Жалпы фармакология» бөлімі бойынша аралық қорытынды бақылау.
2. Мақсаты: стоматологияда сәйкес патологиялық жағдайлар кезінде препараттарды таңдауда берілген бөлім тақырыптары бойынша білімі мен өткен игерімін бекіту.
3. Оқыту міндеттері: берілген бөлім бойынша студенттердің теориялық және практикалық қалыптарды меңгеру деңгейін тексеру
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Фармакология пәнінің анықтамасы, оның басқа медициналық-биологиялық ғылымдар арасында алатын орны.

  2. Мемлекеттік фармакопея, оның құрамы мен тағайындау.

  3. Рецепт және оның құрылымы, белгілеу, қысқартулар. Рецепт құрастырудағы жалпы ережелер. Рецептуралық бланк түрлері.

  4. Дәрілік қалыптар және оның жіктелуі.

  5. Қатты дәрілік қалыптар: ұнтақ, таблетка, драже, капсула. Рецепт жазу ережелері.

  6. Жұмсақ дәрілік қалыптар: жағылма, пасталар. Стоматологияда пасталарға рецепт жазу ережелері.

  7. Ерітінділер. Тұндырма және қайнатпалар. Тұнба мен сығынды, жалпы сипаттамалары. Рецепт жазу ережелері.

  8. Эмульсиялар мен суспензиялар, линименттер, жалпы сипаттамасы, рецепт жазбаларының түрлері.

  9. Аэрозолдер, түсінігі, рецепт жазу ережелері.

  10. Инъекцияға арналған дәрілік қалыптарға қойылатын негізгі талаптар, рецепт жазу ережелері.

  11. Жалпы фармакология анықтамасы мен міндеттері.

  12. Дәрілік заттардың фармакокинетикасы және фармакодинамикасы, анықтамасы және мазмұны.

  13. Енгізу жолдары, сіңірілуі, дәрілік заттардың ағзада таралуы.

  14. Биологиялық тосқауылдар, дәрілік заттардың ағзада өзгеріске ұшырауы, шығарылу жолдары.

  15. Фармакокинетиканың негізгі көрсеткіштері. Биожеткіліктілік пен биоэквиваленттілік туралы түсінік.

  16. Біріншілік фармакологиялық реакция (әсер), орналасуы мен дәрілік заттардың әсер ету механизмдері. Дәрілік заттардың әсер ету механизмінің негізгі принциптері. Арнайы рецепторлар, агонитттер мен антагонисттер туралы түсінік.

  17. Әсер ету түрлері. Фармакотерапия түрлері.

  18. Дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасына әсер ететін негізгі факторлар.

  19. Фармакологиялық әсерлерінің химиялық құрылымы мен физика-химиялық қасиеттеріне тәуелділігі.

  20. Дозалар түрлері. Емдік әсер кеңдігі туралы түсінік.

  21. Қайталап қолдану, дәрілік заттарды жұптастырып қолдану. Дәрілік заттардың әсер ету принциптері. Дәрілік тәуелділікпен күресудің әлеуметтік және медициналық аспектілері.

  22. Дәрілік заттар әсерінің ағза қасиетіне, индивидуалды ерекшеліктеріне, физиологиялық және патологиялық жағдайларға, генетикалық факторларға, қоршаған орта факторларының әсеріне тәуелділігі.

  23. Хронофармакология туралы түсінік.

  24. Аллергиялық табиғатты әсерлер мен ағза сезімталдылығының төмендеуімен байланысты әсерлер.

  25. Жасқа байланысты ерекшеліктер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   268




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет