Тест №9 Бета – адреноблокаторларға жатады
Дилтиазем
Верапамил
Нифедипин
Пропранолол
Триметазидин
Тест №10 Триметазидин
Жүрек гликозиді
Бета - адреноблокатор
Кардиопротектор
Кальций каналының тежегіші
Коронароспазмды рефлекторлы жоюшы зат
№15 сабақ
1. Тақырыбы: Жүрек қан тамыр жүйесіне әсер ететін заттар: антигипертензивті және гипертензивті заттар 2. Мақсаты: Стоматология тәжірибесінде белгілі патологиялық жағдайларда антигипертензивті және гипертензивті заттарды рационалды таңдау, олардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық заңдылықтарын үйрету, препараттарға рецепт жаза білу.
3. Оқу міндеттері:.
Антигипертензивті және гипертензивті заттардың жіктелуімен танысу.
Антигипертензивті және гипертензивті заттардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық заңдылықтарын үйрету.
Антигипертензивті және гипертензивті заттардың клиникада соның ішінде стоматолог дәрігерінің тәжірибесінде қолдануға көрсетпелерін үйрету.
Стоматология тәжірибесінде қолданылатын негізгі антигипертензивті және гипертензивті заттарға рецепт жаза білу, бір реттік мөлшерін және тәуліктік мөлшерін есептеу.
Стоматология тәжірибесінде қолданылатын негізгі антигипертензивті және гипертензивті заттардың ағзаның жеке ерекшеліктеріне байланысты енгізу жолдары, мөлшерлеу ұстанымы.
Антигипертензивті және гипертензивті заттарды жұптастыру мүмкіндіктерін, жанама әсерлерін, олардың алдын алуды үйрету