1.Тақырыбы «Гемостаз үрдістерін реттейтін заттар» 2. Мақсаты: белгілі патологиялық жағдайларда препараттар таңдауын қамтамасыз ету үшін, соның ішінде стоматология практикасында да, гемостаз үрдістерін реттейтін заттардың фармакокинетика және фармакодинамиканың жалпы заңдылықтар білімін қалыптастыру, рецепт жазуды білу.
3. Оқыту міндеттері: Гемостаз үрдістерін реттейтін заттардың жіктелуімен танысу.
Гемостаз үрдістерін реттейтін заттардың фармакокинетика және фармакодинамиканың жалпы заңдылықтарын оқу.
Клиникалық практикада, соның ішінде стоматолог дәрігердің тәжірибесінде гемостаз үрдістерін реттейтін заттардың негізгі қолдануға көрсеткіштерін оқу.
Гемостаз үрдістерін реттейтін негізгі заттардың рецептте жазылуын, бір реттік және тәуліктік мөлшерлерді санауды үйрену, соның ішінде стоматологияда.
Препараттың жеке ерекшеліктерін және қасиеттерін ескере отырып, гемостаз үрдістерін реттейтін заттардың енгізу жолдарын, мөлшерлеу режимінің принциптерін оқып білу.
Гемостаз үрдістерін реттейтін заттардың комбинирлеу мүмкіншіліктерін оқып білу.
Жанама әсерлерін және оларды алдын алу жолдарын оқып білу.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары: Гемостаз үрдістерін реттейтін заттар. Гемостаз үрдісі, тромбоциттер агрегациясы, қанның ұюы және оныңемостаз үрдісі, тромбоциттер агрегациясы, қанның ұюы және оның фибринолитикалық жүйе процесстерімен байланысы туралы жалпы түсініктер.
Гемостатикалық заттар. Агреганттар. Кальций препараттарының, серотонинергиялық заттардың және этамзилаттың тромбоциттер агрегациясына әсері.
Коагулянттар. Жіктелуі, әсер ету механизмі. Жергілікті және резорбтивті коагулянттардың әсер ету ерекшеліктері. Қолдануға көрсеткіштері, мүмкін болатын жанама әсерлер.
Фибринолиз ингибиторлары. Жалпы сипаттамасы.
Тромбқа қарсы заттар. Антиагрегантар. Жіктелуі, әсер ету механизмі. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы, қолданылуы, жанама әсерлері.
Антикоагулянттар. Жіктелуі, әсер ету механизмі. Қолданылуы. Мүмкін болатын жанама әсерлер.
Фибринолитикалық заттар. Жіктелуі, фибринолитикалық белсенділіктің механизмі. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы. Тіндік профибринолизиннің активаторы (алтеплаза). Фибринолитикалық заттардың қолдануға көрсеткіштері. Жанама әсерлер.