Бағдарламалық препараттар: кальций хлориді, кальций глюконаты, адроксон, серотонин адипинаты, дипиридамол, викасол, тромбин, фибриноген, гемостатикалық жөке, аминокапрон қышқылы, контрикал, ацетилсалицил қышқылы, дипиридамол, тиклопидин, пентоксифиллин, эпопростенол, абциксимаб, клопидогрель, гепарин, фраксипарин, неодикумарин, фенилин, фепромарон, лепирудин, варфарин, фибринолизин, стрептокиназа, стрептодеказа, урокиназа, алтеплаза
Рецепт жазуға арналған препараттар: кальций хлориді, викасол, ацетилсалицил қышқылы, пентоксифиллин, гепарин, варфарин
Бақылау:
Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау.
Негізгі холинергиялық заттарды рецептте жазу және талдау. Талдауда тобын, негізгі фармакологиялық әсерлерін, қолдануға көрсеткіштерін, жанама әсерлерін көрсету.
Тапсырмаларды тесттік түрде орындау.
Тақырыптың сұрақтарына жауап беру.
Бақылау сұрақтарына жауап беру:
Антикоагулянттардың негізгі фармакологиялық әсерлері
Антикоагулянттардың әсер ету механизмі
Антикоагулянттардың негізгі жанама әсерлері. Антагонисттер.
Фибринолитиктердің негізгі фармакологиялық әсерлері. Қолданылуы. Антагонисттер.
Гипо- және гиперхромды анемияда қолданылатын заттар.
Тест сұрақтары
Тест №1
Жергілікті әсер ететін коагулянт:
Гепарин
Тромбин
Фибриноген
Стрептокиназа
Аминокапрон қышқылы
Тест №2
Гепариннің антагонисті:
Протамин сульфат
Викасол
Ацетилсалицил қышқылы
Аминокапрон қышқылы
Тромбин
Тест №3
Викасол-
Кальций иондарын байланыстырады
Тромбиннің белсенділігін төмендетеді
Протромбиннің тромбинге ауысуын тежейді
Бауырда протромбиннің синтезін ынталандырады
Протеолитикалық ферменттерді тежейді
Тест №4
Сәйкестікті табыңыз:
Препарат:
Тромбин
Ацетилсалицил қышқылы
Стрептодеказа
Қолданылуы:
А.Тромбты еріту үшін
Б.Тромбозды алдын алу үшін
В.Қан ағуды жергілікті тоқтату үшін
Тест №5
Неодикумариннің антагонисті:
Ацетилсалицил қышқылы
Аминокапрон қышқылы
Викасол
Пентоксифиллин
Гепарин
Тест №6
Бауырда протромбин синтезін ынталандыратын препарат:
Гепарин
Ацетилсалицил қышқылы
Неодикумарин
Викасол
Аминокапрон қышқылы
Тест №7
Фибринолитикалық заттарды қолданады:
Фенилинді артық қолданғанда
Жаңа тромбтарды еріту үшін
Тромб түзілуін алдын алу үшін
Қан ағуды тоқтату үшін
Гепаринді артық қолданғанда
Тест №8
Аминокапрон қышқылы:
Тікелей әсер ететін антикоагулянт
Антиагрегант
Фибринолиз ингибиторы
Тікелей емес әсер ететін антикоагулянт
Коагулянт
Тест №9
Тромбоксан А2 синтезін тежейді:
Тромбин
Викасол
Неодикумарин
Ацетилсалицил қышқылы
Аминокапрон қышқылы
Достарыңызбен бөлісу: |