Бензилпенициллин натрий тұзы
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз
Пенициллиндер: Биосинтетикалық пенициллиндер: парентеральді енгізуге арналғандар: Қысқа уақыт әсер ететіндер
3.Препараттың антибактериальды әсерінің механизмін түсіндіріңіз
Транспептидаза ферментін тежеп, пептидогликанның синтезін бұзады. (Пептидогликан бактерия жасушасының негізгі компоненті болып табылады). Жасуша қабырғасының синтезін бұзу арқылы әсер көрсетеді.
136.Кең спектрлі антибиотиктерге жатады. Химиялық құрлысы мен микробтарға қарсы әсерінің механизмі безилпенициллиндер тобының антибиотиктеріме ұқсас келеді. Бета-лактамазаға (пенициллиназаға) тұрақты. Бензилпенициллинге тұрақты стафилококкты инфекцияларды емдеуде таңдау препараты болып саналады.
1.Препаратты анықтаңыз
Цефалозин
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз
Цефалоспориндер: Парентеральді енгізуге бірінші ұрпақ
3.Препараттың антибактериальды әсерінің механизмін түсіндіріңіз
Транспептидаза ферментін тежеп, пептидогликанның синтезін бұзады. (Пептидогликан бактерия жасушасының негізгі компоненті болып табылады). Жасуша қабырғасының синтезін бұзу арқылы әсер көрсетеді.
137.Макролидтер тобының антибиотигі. Коккты флораға, риккетсияға, хламидияларға, патогенді спирохеталарға бактериостатикалық әсер көрсетеді. Айырмашылығы антибиотикке төзімділік тез дамиды. Мерезді емдеуде резервтегі антибиотик болып саналады. Жағымсыз әсерлері – диспепсиялық бұзылыстар, аллергиялық реакциялар.
1.Препаратты анықтаңыз
Эритромицин
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз
Антибиотиктер: Макролидтер өкілдері
3.Препараттың антибактериальды әсерінің механизмін түсіндіріңіз Әсер ету механизмі бактериялардың рибосомасы деңгейінде жасуша ішілік белок синтезін тежеуге негізделген. Бұл пептидтранслоказа ферментін тежеуіне байланысты болады.
138.Микробтарға кең спектрлі әсер етеді, микроб клеткасында белок синтезін тежейді, бактериостатикалық әсер етеді, аса қауіпті инфекцияларда (оба, холера, бруцеллез) және бациллярлы дизентерияда таңдау препараты болып табылады. Терінің ультракүлгін сәулелерге сезімталдығын арттырады, сүйек пен тіс тіндерінде жинақталады. Дисбактериоз жәе диспепсиялық бұзылыстар туғызады.
1.Препаратты анықтаңыз
Тетрациклин
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз
Атибиотиктер: Тетрациклиндер
3.Препараттың антибактериальды әсерінің механизмін түсіндіріңіз
Рибосома деңгейінде белок синтезін тежейді.
Достарыңызбен бөлісу: |