Фармакология


Гексенал - тиопенталға үқсас, бірақ наркотикалық және бұлшық етті босаңсытатын әсері әлсіз. Метагекситал



бет110/200
Дата30.03.2023
өлшемі1,76 Mb.
#173324
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   200
Байланысты:
Фармакология

Гексенал - тиопенталға үқсас, бірақ наркотикалық және бұлшық етті босаңсытатын әсері әлсіз.
Метагекситал - тиопенталға қарағанда белсенділігі жоғары, бірақ әсері (7-10 мин.) қысқа.
Propanididum - пропанидид (Б): 5% 10 мл еріт. амп. шығарылып, к/т баяу енгізіледі. Препараттың әсері өте қысқа, наркоз 20-40 секундтан соң қозу кезеңінсіз басталып, хирургиялық кезеңі 3-5 мин. созылады, есі 2-3 мин. соң қалпына келіп, әсері 20-30 мин. соңтолық жойылады. Алғашқы және қысқа уақытты наркоз үшін (биопсияға үлпа апу үшін, буын шыққанда орнына салу үшін, тігілген жіпті алу үшін, тісті жүлу үшін және т.б.) қолданылады. Тыныс апудың тежелуі, тахикардия, ықылықтау, бүлшық еттің тартылуы, терлеу, көк тамыр жолында гиперемия және анафилактикалық шок байқалуы мүмкін.
Natrii oxybutiratum - натрий оксибутираты (Б): 20% 10 мл еріт. амп. - к/т, б/е; 5% сиропы - ішке белгіленеді. Наркотикалық белсенділігі өте төмен, анальгетикалық әсері әлсіз, күре тамырға енгізгенде наркоз 30-40 мин. соң басталып, 2-4 сағ. созылады. Улылығы төмен. Аз мөлшерде ұйықтататын және тыныштандыратын, ал көп мөлшерде наркотикалық және тырысуға қарсы, қаңқа бұлшық еттерін босаңсытатын әсер көрсетеді. Ми ісігінде және басқа да гипоксиялық жағдайларда қолданылып, оттегі жеткіл іксіздігіне үлпалардың тұрақтылығын жоғарылататын антигипоксиялық әсері бар. Анестезиологияда негізінен алғашқы немесе базисті наркоз үшін қолданылады.
Ketamini hydrochloridum - кетамин гидрохлориді (А): 5% 10 мл еріт. амп. шығарлып, к/т, б/е енгізіледі. Кетамин «диссоциативті» жалпы анестезияны шақырады, ол ассоциативті аймақ пен қыртыс астында таламустың түзілуін тежейді, яғни мидың афферентті сезімталдығын таңдамалы бүзады. Кетаминнің анальгезиялық және біртіндеп естің жойылуына алып келетін жеңіл үйықтататын әсері бар. Күре тамырға енгізгенде әсері 1-2 мин. басталып, 10-15 мин. созылады, ал бүлшық етке енгізгенде әсері 3-6 мин. басталып, 10-15 мин. созылады. Қаңқа бүлшық еттері босаңсымайды, жүтқыншақ пен көмекей рефлекстері сақталған. Кетамин тахикардия, АҚ-ң жоғарылауын тудырады, саливацияны (сілекей ағуы) төмендету үшін атропин енгізіледі. Наркоздан кейінгі кезеңде галлюцинация, психомоторлы қозу, дезориентация (транквилизаторлармен басады) байқалады. Кетамин өкпенің өзінше дем алуының (желденуін) сақталуын талап ететін, қысқа уақытты хирургиялық операциялар мен ем шараларда алғашқы наркоз үшін қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет