Ингаляциялык наркоиа
арналған дәрілер
|
Ингаляциялык емес наркозға арналған дәрілер
|
1.Ұшқыш сұйықтықтар:
Наркозға арналған эфир
Фторотан (галотан)
Метоксифлуран (пентран)
Наркозға арналған
трихлорэтилен (трилен)
Энфлуран
Изофлуран
Десфлуран
Флороксен
2.Газ тәрізді заттар:
Азот тотығы
Циклопропан
|
Барбитур қышқылының туындылары (барбитураттар):
Тиопентал-натрий
Гексенал
Метагекситал (бриетал)
2. Барбитурат емес препараттар: Пропанидид (сомбревин, эпонтол) Натрий оксибутираты (ГОМК)
Кетамин (кеталар, калипсол)
Предион (виадрил)
Альфаксолон (альтдресин)
Этомидат (раденаркон, гипномидат) Пропофол (диприван)
|
Ингаляциялық наркозға арналған дәрілер Аеther pro narcosi - наркозға арналған эфир (Б): 100-150 мл
флаконда. Эфир - түссіз, мөлдір, өзіне тән иіеі бар түссіз суйықтық. Қайнау температурасы +34-35 °С. Оттегі, ауа және азот тотығымен қауіпті жарылғыш қоспа түзіп, жеңіл тутанады. Эфирдің наркотикалық кеңдігі үлкен және наркотикалық белсенділігі жоғары. Эфирлі наркоз қауілсіз, жеңіл басқарылады, едәуір терең, қаңқа бұлшық еттерін жақсы босаңсуына алып келеді және күшті анальгетикалық әсері бар. Алайда эфирде қозу кезеңі мен оянуы ұзақ және наркоздан кейінгі депрессия баяу өтеді, ал шырышты қабықшаларға тітіркендіргіш әсеріне байланысты жөтел, құсу, рефлекторлы брадикардия және тыныс алудың тоқталуына алып келеді (алдын алу үшін атропин енгізіледі), улкен мөлшерінде гипергликемияға және жүрек аритмиясына, наркоздан кейінгі кезеңде пневмония мен бронхитке алып келуі мүмкін.
Рһthorothanum - фторотан (Б): 50 мл флаконда - жағымды иісі бар жанбайтын ұшқыш сұйықтық, жарылмайды, эфирден белсенділігі 3 есе жоғары, наркотикалық әсерінің кеңдігі үлкен, наркоз жеңіл басқарылып, жедел наркотикалық әсер көрсетеді (3-5 мин. соң), эфирге қарағанда қозу кезеңі мүлдем жоқ, оянуы мен наркоздан кейінгі ұйқы қысқа. Фторотан шырышты қабықшаны тітіркендірмейді, бездердің секрециясын тежейді және едәуір миорелаксациялық әсері бар. Бірақ фторотанның анальгетикалық белсенділігі әлсіз, кезбе жүйкесі тонусының жоғарылауына байланысты тыныс алудың тежелуіне, гипотонияға, брадикардияға алып келеді (алдын алу үшін атропин енгізіледі), жүректің катехоламинге сезімталдығын жоғарылатады, сол себептен АҚ-ы жоғарлату үшін адреналин мен норадреналинді енгізуге болмайды (аритмия, тіпті қарынша жыпылықтауын (фибриляциясын) тудыруы мүмкін), АҚ-н жоғарылату үшін мезатон қолданылады. Фторотанды бауырдың органикалық зақымдалуында қолдануға болмайды. Фторотан миометрия тонусын төмендетіп, босанғаннан кейінгі жатырдан қан кетуді күшейтеді.
Метоксифлуран - фторотан мен эфирге қарағанда белсенділігі жоғары, бірақ қозу кезеңі ұзақ. Жанама әсері фторотанға ұқсас, бірақ миометрияның релаксациясын шақырмайды. Айқын анальгетикалық белсенділігі бар.
Трихлорэтилен - наркотикалық әсері жағынан метоксифлураминге ұқсас, бірақ әсері тез басталып, тез аяқталады (2-3 минуттан соң), күшті анальгетикапық әсері бар.
Достарыңызбен бөлісу: |