Реферат тақырыбы: Ингаляциялық емес наркоз препараттары. Ұйықтататын дәрілер. Эпилепсияға қарсы дәрілер



бет1/26
Дата07.02.2022
өлшемі48,64 Kb.
#86636
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Сырым Інжу ингаляциялық дәрілер


Атырау жоғары медициналық колледжі



РЕФЕРАТ


Тақырыбы: Ингаляциялық емес наркоз препараттары. Ұйықтататын дәрілер. Эпилепсияға қарсы дәрілер


Дайындаған:Сырым Інжу
Тобы:324-топ
Тексерген: Нуппаев С.К.
Атырау 2020ж.
Ингаляциялық емес наркоз препараттары
Ингаляциялық емес наркозды келесі тәсілдермен енгізеді:
-Күре тамыр арқылы
-Тері астына
-Бұлшықетке
-Тік ішекке
Ингаляциялық емес наркозға арналған дәрілерге химиялық құрылымы әрқилы, әсер ету ұзақтығы әртүрлі болатын заттар жатады. Бұл топқа жататын дәрілерді көбінесе көктамырға, сирек тік ішекке енгізеді.
Жаңа кезеңдегі ингаляциялық емес наркозға арналған дәрілер ингаляциялық жалпы анестезияларға қарағанда қысқа латенттік кезеңге ие. Осы кезде ингаляциялық емес наркоздық заттарды пайдалану үшін күрделі, қымбат құрал жабдықтар қажет емес, тыныс шығару ауасымен бөлінетін ингаляциялық анестетиктен ауаны тазарту қажеттілігі де болмайды.
Ингаляциялық наркозбен салыстырғанда, көк тамырлық наркоз қозу сатысыз өрбиді. Осы топтың препараттарының жоғары липофилдігі миға жеңіл өтуіне мүмкіндік береді. Көк тамырлық наркоз заттарын пайдаланған жағдайда наркоз тереңдігін меңгеру төмен болады.
Көк тамырлық наркозға арналынған қазіргі заманғы препараттар әсер ету ұзақтығы бойынша келесі топтарға бөліне алады:
1. Қысқа мерзімдік әсердегі (наркоз ұзақтығы 15 мин дейін): пропанидид, пропофол кетамин.
2. Орташа мерзімдік әсердегі (наркоз ұзақтығы 20 - 30 мин): тиопентал натрий.
3. Ұзақ мерзімдік әсердегі (наркоз ұзақтығы 60 мин одан көп): натрий оксибутираты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет