Реферат тақырыбы: Ингаляциялық емес наркоз препараттары. Ұйықтататын дәрілер. Эпилепсияға қарсы дәрілер


Пропанидид (Propanididum). Сомбревин



бет5/26
Дата07.02.2022
өлшемі48,64 Kb.
#86636
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Сырым Інжу ингаляциялық дәрілер

Пропанидид (Propanididum). СомбревинПропанидид - әсері өте қысқа (3-5 минут) анестетик. Көк тамырға енгізгеннен кейін наркоздық әсері қозу сатысыз 20-30 секундтан кейін басталады және 3-4 мин созылады.
Қолдану көрсеткіштері. Қысқа және кіріспе наркоз үшін. Көк тамырға тез 5% ерітіндісін (5-10мг/кг) енгізеді; қалжыраған науқастар мен балаларға 2,5% ерітіндісін енгізеді. Хирургиялық наркоз сатысы 3-5 минутқа созылады және тез оянумен жүреді.
Кері көрсеткіштері. Шок, гемолитикалық сарыауру, бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылыстарында, жүректің ауыр ауруларында, артериалды гипертония.
Жанама әсерлері. Гиперемия және егілген жердегі көк тамыр бойымен ауырсыну; кейде лоқсу және құсу.
Шығарылу түрі. 5% ерітіндісі 10 мл N.5, 10 ампулада.
Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Propanididi 5%-5ml
D.t.d. N. 6 in amp.
S. Көк тамырға баяу енгізу.
#
Пропофол (Propofolum) ингаляциялық емес наркозға арналған дәрі. Көк тамырға енгізген кезде наркоз шамамен 30 сек басталады, айқын қозу белгілерісіз. Профолдың әсерінен туындайтын наркоз, орталық жүйке жүйесіндегі нейрон мембранасындағы липидтерге өзіндік емес әсерімен байланысты, нәтижесінде ионды түтікшелердің жұмысы бұзылады, соның ішінде натрий түтікшелері. Сонымен қатар, профолдың әсерінен бас миының ГАМҚ-ергиялық үрдісі күшейеді. Профолдың ауыруды басатын әсері мүлдем жоқ. Профолдың әсері доғарылғаннан кейін, қызметтің қалпына келуі тез жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет