Қолданукөрсеткіштері мен мөлшерленуі. Тиопентал-натрийді наркоз үшін өз бетінше ұзаққа созылмайтын хирургиялық операция кездерінде қолданады, сонымен қатар кіріспе және негізгі наркоз ретінде кейіннен басқа заттарды қолданумен (анальгетиктерді және миорелаксанттарды) бірге тағайындайды, үлкен ұстамаларда (grand mal), қояншық статусы, бас ішілік қысымның жоғары болуында, бас миының жарақаты кезіндегі гипоксияның алдын алу шаралары үшін. Тиопентал-натрийді ересектерге кіріспе наркоз үшін 1- 2% ерітіндісінің 20— 30 мл енгізеді. Негізгі наркоз үшін балаларға тиопентал-натрийді тек жоғары жүйкелік қозу кездерінде қолданылады. Тік ішекке 5% жылы (+32-35оС) ерітіндісін 0,04 г. бойынша есептеуде (3 жасқа дейін) және 0,05г. (3-7 жасқа) 1 жастағыларға қолданылады.