Кері көрсеткіштері. Бас ми қан айналымы бұзылған науқастарға, артериалды гипертония, стенокардия және жүрек жетіспеушілігінің қалпына келмеу кезінде; эклампсия кезінде кері көрсетілген. Қояншықпен ауыратын балаларға кері көрсетілген.
Жанама әсерлері. Жоғары артериалды қысым, тахикардия, гиперсаливация, наркоздан шығу кезінде психомоторлы қозулар мен елестер, ентігу, тыныстың тежелуі, көктамыр бойы қызару мен ауырсыну.
Шығарылу түрі. 1% ерітінді 5 мл ампулада және флаконда 20 мл ерітінді, 5% ерітінді 2 және 10 мл ампулада және 5 және 10 мл флаконда, 10% ерітінді флаконда 10 мл.
Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Ketamini 1%-5 ml
D.t.d. N 6 in amp.
S. Бұлшықетке және көктамырға егу үшін.
#
Натрия оксибат (Natrii oxybatum), натрия оксибутират. Натрий оксибат – ингаляциялық емес наркоз үшін дәрі, ұйықтататын, тыныштандырушылық, гипоксияға қарсы, орталықты миорелаксациялық, ноотропты және шокқа қарсы әсер етеді. Мида, жүректе, көздің торлы қабатында тіндік алмасу үрдісін белсендіреді, олардың гипоксияға тұрақтылығын жоғарылатады. Миокардтың жиырылу қабілетін, микроциркуляцияны, шумақты фильтрацияны (қан кету кездерінде бүйректің қызметін тұрақтандырады) жақсартады. Үлкен мөлшерде ұйқыны туғызады және жалпы анестезияны (көктамырға енгізгенде 5-7 минуттан кейін) шақырады. Анестезияның хирургиялық сатысы 30-40 мин кейін басталады, жалпы анестезия ұзақтығы 2-4 сағ созылады.
Достарыңызбен бөлісу: |