Этил спиртімен жедел улану. Өлім мөлшері - шамамен 300 мл (95%), ал ішімдікке бейім адамдарда жоғарырақ. Улану белгілері есінен танып, теріні мұздай жабысқақ тер басады, бет гиперемиясы, тері бетінің бозаруы мен көгеруі, дене қызуының төмендеуі, құсу, рефлекс пен барлық сезімталдықтың тежелуі, тыныс алудың тежелуі, тамыр соғуы жиі және әлсіз, көз қарашығы тарылған, гипоксияда - кеңейген, көлденең нистагм байқалады. Тырысулар, құсу салдарынан жоғарғы тыныс жолдарының бітелуі (аспирациясы), ларингоспазм, тыныс алу мен жүрек қызметінің тоқтауы мүмкін. Тыныс алу жүйесінің сапдануынан өлімге алып келеді. Жәрдем: зонд көмегімен асқазанды шаю, іш айдағыш дәрілер беру, ауыз қуысын тазапау, жоғарғы тыныс жолдарын тазалау, тілді ұстау; бездердің секрециясын төмендету үшін - атропин; тыныс алуды күшейту үшін - кордиамин; қажетті жағдайда -өкпеге жасанды дем беру мен форсирленген диурез жасау; ішімдіктің күшін жоюды тездету үшін глюкоза еріт. инсулинмен бірге к/т енгізу және ацидозды басу үшін 4% натрий гидрокарбонатын 1000 мл дейін енгізу қажет. В1, В12, РР витаминдерін
тағайындау қажет.
Этил спиртімен созылмалы улану (маскүнемдік). Маскүнемдікке тән: үйренгіштік (толеранттылық), рухани (психикалық) тәуелділік, абстиненциялық синдром және физикалық тәуелділік. Маскүнемдікте жоғарғы жүйке қызметінің бұзылуы, есте сақтау қабілетінің нашарлауымен, ойлау қабілеті мен ақыл-ой қабілетінің төмендеуімен, эмоциональдық тұрақсыздықпен байқалады. Одан әрі маскүнемдікте психоз бен елестеу ауруы дамиды. Ішкі мүшелер зардап шегеді: гастрит, панкреатит пен колит, бауыр циррозы, миокард дистрофиясы, бүйрек аурулары, эндокринді бездер мен репродуктивті (ұрықтың алкогольды синдромы) мүшелер қызметінің бұзылуы, қан ұюының төмендеуі және т.б. Маскүнемдік адамның моральды және физикалық азғындауына алып келіп, үлкен әлеуметтік мәселе болып табылады. Маскүнемдікті емдеу: арнайы мекемелерде жүргізіледі (наркодиспансерде), ол жерде детоксикациялық терапиядан басқа психо- және фармакотерапия жүргізіледі. Дәрілердің әсері әуестікті төмендету мен ішімдікке жиіркенушілік тудыруына бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: |