Diacarbum – диакарб; 0,25 таб. – 1 таб. тәулігіне 1-3 рет тағайындалады.
IV. Калий сақтаушы диуретиктер спиронолактон верошпирон алъдактон, калий канкреонаты солдактон, триамтерен птерофен, амилорид. Бұл препараттар минералокортикоидты гормон альдостеронның антогонисті және калий сақтағыш әсер көрсетеді.диурездік әсері әлсіз. Гипокалиемияны және метаболиттік алкалозды басу үшін басқа диуретиктермен бірге қолданылады. Жанама әсері: гиперкалиемия, диспепсия, және бас ауыру байқалады.
Spironolactonum – спиронолактон (Б); 0,025 және 0,05 таб.шығарылады, әсері 1-2 күнде басталып, 2-3 күнге созылады.
Калий канкреонаты – к\т енгізіледі.
Триамтерен және амилорид «калий, магний сақтаушы» диуретик болып табылады.
Triamterenum – триамтерен (Б); 0,05 капс.- тәулігіне 1-2 рет таңғы және түскі астан соң белгіленеді.
Amiloridum – амилорид: 0,005 таб. -1-4 таб. таңертең белгіленеді.
V. осмостық диуретиктер: маннит (маннитол), мочевина –
Судың реабсорбциясын төмендетіп, қанның осмостық қысымын жоғарылатады. қышқыл негіздік тепе теңдікке әсер етпейді. Медициналық тәжірибеде негізінен маннит қолданылады. Манниттің мочевинадан айырмашылығы жасуша мембраналары мен ұлпа кедергілерінен (мысалы, гематоэнцефальды кедергіден) өтпейді. Ми, өкпе, көмекей ісінуінде, химиялық заттармен улануда және дегидратациялық (суды азайту) дәрілік зат ретінде (кейде глаукомада) қолданылады. Жанама әсері; бас ауыру, лоқсу, құсу, жалпы әлсіздік, шөлдеу, теріге тигенде некроз пайда болуы мүмкін. Айқын бүйрек, бауыр және жүрек қызметінің жеткіліксіздігінде қолдануға болмайды.
Mannitum – манит: 30,0 флаконда және 15% 200 және 400 мл флаконда – к\т тамшылатып енгізіледі.
Қиыстырылған несеп айдаушы дәрілер: «триампур» (дихлотиазид, триамтерен)таб.; «Модуретик», «Тиалорид», «Гемопрес» (дихлотиазид, амилорид) таб.; «фурезис» (фуросемид, триамтерен) таб.
Өсімдік текті дәрілік препараттары: арша (можжевельник) жемісінің тұнбасы, аюқұлақ (толокнянка) жапырағының қайнатпасы, дала қырықбуын (хвощ полевой) шөбінің қайнатпасы, ортосифон (бүйрек шайы) жапырағының тұнбасы, бүлдірген (брусника) жапырағының қайнатпасы, қайың (березовые почки) бүршігінің тұнбасы құрамындағы илік заттар. Фенолгликозидтер, сапониндері антисептикалық, әлсіз несеп айдаушы және қабынуға қарсы әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |