Дәрілік заттың әсер ету эффектісі:
* Фармакологиялық реакциясы. * Жоғары сезімталдық. * Толеранттылық. * Тахифилаксия.
Дәрілік заттың әсер етуі:
* Рецепторлар. * Иондық канал. * Ферменттер. * Транспортық система. * Ген
Дәрілік заттардың адам ағзасына әсері:
* Негізгі әсер *Жанама әсер; *Уытты әсер;
Дәрілік заттардың әсер ету механизмі дегеніміз – белгілі бір бағдарлы өзгерістерге жеткізетін тірі организмдегі биохимиялық және физиологиялық заттармен құбылыстардың қосылуы, күшеюі мен әлсіреуі. Ал ондай заттар организмде өте көп: иондар, рецепторлар, реактивті құрылымдар және т.б.
Бұның бәрін үш топқа бөлуге болады:
Дәрілік заттардың алғашқы реакциясы
Алғашқы реакцияның әсерінен болған биохимиялық өзгерістер
Биохимиялық өзгерістердің әсерінен болған физиологиялық өзгерістер
Әсер ету механизмі мен фармакодинамика өзара шарттық бойланыстағы заңдылықтар. Олар фармакологияның негізгі бөлігін құрап, дәрілік заттардың қолданылуы жөніндегі дәл нұсқау беруге мүмкіншілік туғызады.
Дәрілік заттар әсер етуінің жалпы заңдылықтары :
1)Егер дәрілік зат физиологиялық және биохимиялық құбылыстарды бұзбай тек қана қуаттандырып әсер етсе,ол затқа ешқандай, тіптен ұзақ уақыт пайдаланғанның өзінде де үйренушілік қалыптаспайды;
2) Организмдегі құбылыстар физиологиялық шамадан артық күшейген жағдайда қандайда болмасын биохимиялық және физиологиялық көрсеткіштерінің ауытқулары болады.
3) Әртүрлі патоморфологиялық өзгерістерімен қабынулар қосарласа жүретін физиологиялық құбылыстардың күрт күшейюі дәрілік заттарды қайталап қолданғандағы организм функциясына елеулі түрде өзгеріс енгізеді.
4)Дағдылану құбылысы метаболизмнің жалпы процесстерін өзгертуші заттарға (витаминдер,антибитиктер т.б.) тез қалыптасады;
5)Препараттарға үйреніп кету құбылыстарына тек қана оларды дұрыс пайдалану арқылы арылуға болады
Достарыңызбен бөлісу: |