Фашистерден отанды қорғау соғысының басталуы


Соғыс жылдарындағы ғылым мәдениет және білім беру қызметі



бет8/15
Дата07.02.2022
өлшемі40,39 Kb.
#85170
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
тарих 5 обөж

Соғыс жылдарындағы ғылым мәдениет және білім беру қызметі
Соғыс жылдарындағы Қазақстан мәдениеті мен ғылымы. Совет Одағы Ұлы Жеңісін шабыттана жырлаған, XX ғасырдың Гомері атанған Жамбыл бастаған өдебиет пен онер қайраткерлерінің еңбектері де - өз аддына бір тебе. Осы кезде ұлы жазушы Мұхтар Әуезов "Абай" эпопеясының 1-кітабын жазып, аты елге жайылды. С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Б.Бұлқышев, Ж.Саин, П.Кузнецов сияқты жазушылар, Шашубай, Нұрпейіс, Кенен сынды ақындар халықтар достығының жыршысы бодды. Республикамызға уақытша келген 90 жазушы (Алексей Толстой, С.Михалков, С.Сергеев-Ценский, Ф.Панферов, О.Форш, К.Паустовский, С.Маршак, М.Зощенко тағы басқалар), "Мосфильм" мен "Ленфильм", 23 театр мен музыкалық коллективтер жеңіс үшін еңбек етіл қана қоймай, қазақтың ұлттық өнерін жаңа жанрлармен, кәсіби шеберлікпен байытып, жан-жақты дамуына септігін тигізді.
Қазақ совет поэзиясының алыбы Жамбыдцың "Ленинградтық өрендерім" деп аталатын мәңгі өшпес патриоттық шығармасын бүкіл еліміз толғана оқыды. М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Қ.Аманжолов, Б.Бұлқышев, Т.Жароковтың, Қазақстанның басқа да жазушылары мен ақындары-ның соғыс көзіндегі жазған шығармалырының жігерлендірушілік мәні болды.
Қазақ артистері майданның алғы шебінде 2 мыңға жуық концерт берді. Әдебиет пен өнерді, ғылымды дамытуда қазак мәдениет қайраткерлерімен достық қатынас жасаған орыс ғылымы мен мәдениетінің көрнекті өкілдері А.К.Толстой, СЯ.Маршак, КГ.Паустовский, Ф.И.Панферов, С.Н.Сергеев-Ценский, И.П.Бородин, Л.С. Берг, В.И.Вернадский, Н.Ф.Гамалея, Н.Д.Зелинский, Л.И.Мандельштам, Ю.А.Завадский, С.М.Эйзенштейн, Н.Д.Мордвин, В.П.Марецкая, Н.К.Чер-касов, С.С.Прокофьев, С.С.Туликовтың және басқалардың үлкен ықпалы болды.
Соғыс жылдары Қазақстанға туысқан республикалардан 13 ғыльши мекеме, 19 театр, 30-астам жоғары оқу орны көшіп кедці. Аса қиын жағдайларға қарамастан 1941 жылы Алматыда шет тілдері институты, 1943 жылы Шымкент күрылыс материаддары технологаялық институты, 1944 жылы Алматы қыздар педагогикалық институты, Қазак физкультура институты ашыдды. Интеллигенция Отанға шексіз берілтендіктің өнегесін көрсетті. Ғалымдар Қазақстанның байлықтарын майдан қажеті-ңежаратты, жаңа қару-жарақ түрлерін ойлап шығарды, өндіріске жаңа технологиялық процестерді енгізді, жаралы жауынгерлердің басым көпшілігін тез арада сауықтырып қатарға қосты. 23 типті авиация, моторлы, теңдесі жоқ Т-34 танкісі, атақты "Катюшасы", жаңа артиллериялық қару-жарақтар, автоматты атыс қару түрлері т.б. совет ғалымдарының сол кезеңдегі жеңіске қосқан қомақты үлесі еді. Идеология майданының жауынгерлері Отанды қорғау туралы, халықтың жеңіске деген сенімін нығайтты, барлық күш-жігерін майданға көмек беруге жүмьщырылды, тыл мен майданның біршгін арпырды, тылда да, маңцанда да, партизан өлкелерінде хеңісті шындады. Орталық радио тәулігіне 18 сағат хабар дургізді. КСРО халықтарының 70 тіліңде, 28 шетел тілдерінде сұрапыл соғыстың барысы туралы ақиқатты хабарлады.
Концерттік бригадаларды жазушылар Ә.Әбішев, Ғ.Мұстафин, Ғ.Орманов, ҚазССР Халкомсовы жанындағы өнер істері жөніндегі басқарманыц бастығы С.Е.Толыбеков, директор Ф.А.Ф.А-Кузьмич т.б. басқарды. Тыл мен майдан арасындағы байланыстың нығая түсуі үшін майданнан тылға келген делегациялардың да маңызы зор болды. 1942-1943 жылдары Қазақстанға майданнан 16 делегация, ал 1944 жылы 6 делегация келіп кетгі. Олардың ішіңце Қазақставда жасақталған 8-гвардиялық атқыштар, Сталинградтық-дунайлық 73-гвардиялық, 391-, 310-, 314-атқыштар дивизияларының т.б. әскери бөлімдер мен құрамалардың жауынгерлері бодды. Олар кәсіпорын-дарда, колхоз, совхоздарда, оқу орындары мен ғылыми мекемелерде болып, өз бөлімшелерінің жауынгерлік жолы, полктес жолдастарының ерліктері туралы айтып берді. 1943 жылы 10 ақпавда 391-атқыштар дивизиясының делегациясы "Казахстанская правда" газетіне қаһармандығы мен ерлігі үшін Ленин орденімен наградталған майдангер-қазақстандықтар дивизия санитары Сартанов, капитан Ивкин, сержант Кравченко, әскери дәрігер Сухарукова туралы мақала жазды. 1943 жылы сәуір-мамырда екі апта Алматыда және облыста "Киров" крейсерінің делегациясы болды, олар крейсер комсомолецтерінің Қазақстанның барлық жастарына арнаған хатьш ала келді. Қазақстан еңбекшілері делегацияларының майданға баруы әрі майдангерлердің тылға келіп кетуі, демалысқа келген Совет Одағынын, Батырларымен еткізілген кездесулер майдан мен тылдың байланысын бұрынғыдан нығайтты. Совет жауынгерлерін майданда қаһармандықпен соғысуға, тыл еңбеккерлерін жанқиярлық еңбекке жігерлендірді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет