Ленинградшайқасының тарихы маңызы
- Гитлершіл Германияның ірі жеңілісі болды,
- Халықтар достығы мен ерлігінің көрінісі болды.
Сталинград шайқасы (1942 ж. шілде- 1943 ж. ақпан). 1942 жылы 17 шілде Сталинград түбіндегі кескілескен ұрыстар басталды. 1942 жылы күзде Сталинград шайқасының жалыны Батыс Қазақстан даласына жетті. 1942 жылы күзде КСРО жоғарғы Кенесі Төралқасының жарлығымен Каспий алабында соғыс жағдайы енгізілді, ал 1942 жылғы қыркүйектің 1-інде Атырау қорғаныс комитеті құрылды. 1942 жылғы қыркүйектың 15-інде облыстық мемлекеттік қорғаныс комитеті соғыс жағдайын енгізді, ал 1942 жылы 26 қазанда Орал аймағы әуе шабуылынан қорғану бөлімдерінің қатарына енгізілді.
1943 жылғы желтоқсанда белгіленген шекара бойынша Қазақстан Сталинград облысымен шектесті (Каспий теңізінен Александров – Гайға дейнгі 500 км.)
1942 жылы 9 қазанда Қазақ КСР үкіметі Сталинград майданының ең жақын тылы Қазақстан екенін, сондықтан бұдан артық шегінетін жер жоқ екенін айтып, Сталинградты қорғаушы жерлестеріне үндеу тастады.
Батыс Қазақстан жерінде алты қорғаныс шебі, Сайхан, Орда, Чапаев, Тайнақ аудандарында арнайы аэродромдар салынды. Ақтөбе облысында да қорғаныс қүрылыстары салынды.
Сталинград майданының көптеген әскери бөлімдері, материалдық, техникалық базалары Батыс Қазақстанда орналастырылды. Орал қаласында әскери байланыс торабы орналасты Батыс Қазақстан жерінде 70-ға жуық әскери госпиталь жұмыс істеді. Гитлерлік ұшақтар Сайхан, Жәнібек, Шұңғай станцияларына шабуыл жасап, 7 млн. сом шығын келтірілді.
Сталинград майданың барлық жағынан Қазақстан қамтамасыз еткен. Осында көптеген әскери техника жөндеуден өтті. Мысалы, бір ғана Ақтөбеде ай сайын 30 ұшақ құрастырылды. Каспий бассейнде орналасқан Гурьев майданы Орта Азиямен, Кавказбен байланыстыратын негізгі көпірге айналды. Қазақстан жерінде құрылған 292, 387-атқыштар дивизиясы, 81-атты әскер дивизиясы т.б. Сталинградты қорғауға тікелей қатысты. Сталинградтың түбінде көптеген Қазақстандықтар ерліктің небір тамаша үлгісін көрсетті.
Сталинград түбінде қазақстандықтар К.Сатпаев пен А.А.Бельгин өздерінің ерлігі нәтижесінде Кеңестер Одағынын батыры атағына ие болды.
116-атқыштар дивизиясы, 565-атқыштар полкінің 7-ротасының жаунгерлері Сталинград көшелерінде ерлікпен шайқасты. Олардың ерлігі құрметіне Сталинградта «Қазақ» көшесі ашылды. 11 жауынгер 300 фашистке қарсы шайқасып, түгел қаза тапты (араларында Лениногорскілік комсомол Кәміл Хузин болды). Ержүрек жауынгерлер қорғаған төбе «Шығыстың 11 батырының төбесі» деп аталады. Қазақстандық Т.С.Позолотин басқарған 17-гвардиялық танк полкі Еділ жағасындағы ірі операцияларда шешуші роль атқарды. Сөйтіп, 1943 жылғы қыста Сталинград түбінен жау 600-700 км. жерге қуылды.