Фазалар тепе-тењдігі


§ 17. Үш компонентті жүйе



бет18/18
Дата22.11.2022
өлшемі2,62 Mb.
#159263
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Лекции № 11-13 Гетерогенді тепе-теңдік термо-сы
Ä?ð³ñ òåçèñòåð³ ¹ àïòà Ä?ð³ñ òà?ûðûáû æ?íå òåçèñòåð Ñà?àò ê?ëåì³, Документ Microsoft Word, 10 дәріс, application, 7ж сынып ашық сабаr
§ 17. Үш компонентті жүйе
Тепе-теңдік күйлері температура, қысым және компоненттердің концентрациясымен сипатталатын үш компонентті жүйелер үшін Гиббстің фазалар ережесі былай жазылады: Е=К-Ф+2=3-Ф+2
Е=5-Ф (ХІ.50)
Бұл (I.50)-тендеу үш компонентті жүйелерде тепе-тендікте болатын фазалардың ең көп саны 5-ке тең екенін керсетеді. Бес фазаның тепе-тендігін көрсететін бестік нүктеде жүйенің варианттыгы нольге тең (Е=5-5=0). Ал төрт фазалық тепе-тендікте жүйе-моновариантты; үш фазалық тепе-тендікте-дивариантты, екі фазалық тепе-тендікте-три вариантты; бір фазалы жүйе төрт вариантты болады. Қысым мен температураның біреуі тұрақты болған жағдайда
Е=3-Ф+1 (І.51)
ал Т-const және P-const жагдайда
Е=3-Ф (I.52)





52-сурет 53-сурет
Үш компонентті жүйелердің күйі жалпы алғанда төрт параметрмен анықталады, олар Т, Р, х1 және х21 және х2-бірінші және екінші компоненттің мольдік, не массалық үлеспен алынған концентрациялары); х1 және х2 белгілі болса, үшінші компоненттің концентрациясы: х3=1-(х12). Демек үш компонентті жүйенің күйін бейнелейтін диаграмманы салу үшін төрт өлшемді кеңістік қажет. Бірақ бір-біріне перпендикуляр болатын координаталық осьтердің саны үштен артпайтындықтан, қысымды не температураны тұрақты етіп алады. Қысым тұрақты жағдайындағы жүйелер конденсацияланган жүйелер болып саналады.
Сөйтіп үш компонентті жүйелердің күйін үш өлшемді көлемдік диаграммалармен бейнелейді. Координаталық осьтің х1 және х2 осьтеріне екі компоненттің (мысалы, А және В компонентінің) концентрациясын, z осіне температураны (ал егер T=const болса, қысымды) салады да, үш қырлы тік призма түріндегі көлемдік диаграмма тұрғызылады (52-сурет).
Температура және қысым екеуінің де тұрақты жағдайында үш компонентгі жүйелердің диаграммасын салу жеңілдей түседі. Бүл кездегі диаграммалар жазық, үшбүрышты диаграммалар болады (53-сурет, АВС - үшбұрышы). Үшбұрышты жазық диаграммалар көлемдік диаграмманың берілген температурадағы (мысалы, Т1 температурадағы) көлденең қимасы болып табылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет