«Федоров ауданы білім бөлімінің №2 орта мектебі» КММ
ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасын аяқтаған
химия және биология пәндерінің мұғалімі Оспанова С.К.
атқарған жұмысы жөнінде
ЕСЕБІ
Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ғұлама бабаларымыз айтқандай, біз өткенге құрметпен бас иіп, жарқын болашаққа ұмтылуымыз қажет. Бүгінгінің ұрпағы біздің болашағымыз екенін ұмытпағанымыз жөн.
Кәсіби біліктілігімді жетілдіру үшін Қостанай қаласында Кембридж бағдарламасы бойынша өткізілген курсқа қатыстым. Бұл курстың мақсаты ескіден жаңаға яғни оқу жүйесіне жаңалықтар енгізе отырып әлемдік деңгейде ойын еркін айтатын болашақ азаматтарды тәрбиелеу. Курстың бізге бергені жаңаша ойларымен, білім –біліктер. Бұл курс арқылы мен оқыту жүйесіне жаңа көзқараспен қарайтын болдым. 2-айымызда «Мектептегі тәжірибе»кезеңінде өз бойымыздағы оң өзгерістерді, алған білімімізді ұжымымызға, оқушыларымызға, оқыту әдістерімізге ықпалдастыруымыз қажет болды. Ұстаз ретінде өзіме келесідей сауалдарды қоямын: Ақпараттандыру ғасырында болашақтың адамына қалай білім беремін? Бүгінгі оқушының келешекте бәсекеге қабілетті бола алатындай мектепте алған білімін қолдана алуы үшін нені үйрету керек? Оқушылардың үлгерімі мен білімділік сапасын көтеруде не істеуім қажет? Мен мектепке келгеннен кейін мектеп басшыларымен кездестім. Алдымен мектеп директоры Е.А. курстың мән- жайын айтып, мұғалімдермен кеңесіп семинар өткізгім келетінін айттым. Бірінші «Бетпе – бет» кезеңінде оқып, танысқан Кембридж университетінің оқыту бағдарламасының әдіс-тәсілдері туралы, тізбектелген сабақтар топтамасы жайында, алда өткізер жоспарыммен таныстырып, бағдарлама, тапсырмалар туралы мағлұмат беріп өттім.
Қазіргі менің мектебім қай деңгейде?Осы сұраққа жауап беруде төңірегінде зерттеу жұмысымның алғашқы қадамыдын мектеп туралы деректер жинаудан бастадым. Өзіме қажетті мәліметтер мен дәлелдемелерді бетпе-бет сұхбаттасу, сауалнама алу, интервью, фотоға түсіру, бейне таспаға түсіру, ресми және бейресми кездесу, қадағалау әдістері арқылы алдым. Мектептің объективті жағдайларын анықтау мақсатында мұғалімдермен, ата-аналармен, оқушылармен бастапқы сауалнама жүргіздім.
Достарыңызбен бөлісу: |