Оқытудың жаңа тәсілдерімен жұмыс жүргізу мұғалімдер үшін өте қызықты. Алайда біздер бар ынта-жігерімізді осы жолға салып, оңтайлы нәтиже көрсетеміз деген ойдамыз. Білім берудегі жаңа идеялардың берері көп екендігіне күн сайын көз жеткізудеміз. Осындай курстан аудандағы қазақ мектептері мұғалімдері өтсе, жұмыс жүргізу жеңіл болары анық. Себебі, жаңалықты енгізу оңай нәрсе емес, ол бәрімізге ортақ іс.