«Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№2 орта мектебі»КММ
Бастауыш сынып оқушыларының cабақ барысында ауызша және жазбаша тілдерін дамытуға арналған ойындар.
(әдістемелік құрал)
2014ж
Алғы сөз.
Тіл қарым-қатынас құралы, адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастырады. Тілді үйреті әдісі үнемі заман талабына, уақыт ағымына қарай өзгеріп отырады. Адамның ой-өрісін, мәдени дәрежесін, ақыл-парасатын, рухани байлығын көрсететін айна.
Тілді дамыту – Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының өзекті бағыттарының бірі болып табылады. Себебі елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Қазақстанның болашығы қазақ тілінде» - деп тұжырымдайды.
Біздің мектебіміздің де басты проблемасы осы тіл. Бұның себебі, баланы қоршаған әлеуметтік орта. Бала туғаннан бастап өз ана тілінің орнына өзге тілді естіп, тілі өзге тілде жаттықты десек те қате емес. Сондықтан да бала мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап, ұстаз өз алдына негізгі мақсат етіп тіл дамытуды алады. Аталған мақсатқа жету міндеттерді шешу жолдарын іздестіреді. Міне осы басты проблеманы көздей отырып, баланың ауызша және жазбаша тілін дамыту әдіс-тәсілдерін ойласытру қажет. Оны практикада пайдалану арқылы жетістікке жетіп, сосын көпшілікке ұсыну шарт.
Жұмыс барысында дәстүрлі емес формалардың әсері күшті. Бұл тәсілдер мен формаларды қолдану барысында білім алушылар өз еркімен еңбек етеді, жеңіл, тиянақты және тұрақты материалды меңгереді, тәжірибеде қолдана біледі.
«Құнды ақыл-ой дамуы ойынсыз болмайды, және болуыда мүмкін емес. Ойын-бұл үлкен, жарық терезе. Осы терезе арқылы баланың рухани дүниесіне ағыммен көрініс пен түсінік келеді. Ойын-білімқұмарлығы мен талпыныстың отын жағатын ұшқын»-деп Сухомлинский жазғандай, ойын баланы оқыту мен тәрбиелеуде қажет.
Тіл дамытуда диалогтар, ребустар, сұрақ-жауаптар арқылы дамыту әдісі өте қолайлы. Мысалы, математика пәнінен өзімнің құрастырған сабағым: «Мақта қыз бен мысық», сабақ тақырыбы «Қайталау». Ертегіге саяхат барысында пән аралық байланыс кеңінен байқалды және әр оқушы кейпкерлердің дауысын салып, рөлге еніп, ертегіні жалғастыра отырып мысыққа әр ертегінің кейіпкерлерінің тапсырмасын шығара отырып құйрығын қайтарып алуға көмектесті. Бұндай сабақтың баланың тілінің дамуында ғана
емес, тәрбиелік маңызы да зор. Баланың тілін дамытуға арналған ойындар қазақ ауыз әдебиеті арқылы да жүзеге асырылады. Атап айтсам, ертегілер, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар. Өз әдістемелік құралымда баланың ауызша және жазбаша тілдерін дамытуға арналған ойындар жинағын ұсынбақпын.
Бұл ойындарды сабақ барысында пайдалануға болады. Өз тәжірибемде көптеп қолданған ойын түрлерінің бала тәрбиесі мен тілінің дамуына әсері зор екенін сеніммен айта аламын. Ойындарды таңдаған кезде білім алушылардың ой-өрісін есепке алу қажет. Ойын балалардың құндылықты, жан-жақты психикасына әсер ететінін, олардың танымдылық қабілетін, тілін, үлкендер мен құрдастарымен қарым-қатынас дәрежесін, оқу қызметіне қызығушылығын ояту, балаға талдау, салыстыру, қорытындылау жасауды меңгеруге көмектесетін есте сақтау қажет.
Бастауыш сынып мұғалімі ойынға қойылатын төмендегі әдістемелік талаптарды біліп, орындап отыруы тиіс:
Ойынның мақсаты нақты қойылып, керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қойылуы тиіс.
Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі оқушыларға әбден түсіндірілген жөн.
Ойынға сыныптағы балалардың түгел қатысуын қамтамасыз ету қажет.
Ойынның жүру барысында мұғалім балалардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, олардың ойын үстінде шешім қабылдай білуіне жетелеуі керек.
Ойын элементтерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылықтарын арттырады.
«Құнды ақыл-ой дамуы ойынсыз болмайды, және болуыда мүмкін емес. Ойын-бұл үлкен, жарық терезе. Осы терезе арқылы баланың рухани дүниесіне ағыммен көрініс пен түсінік келеді. Ойын-білімқұмарлығы мен талпыныстың отын жағатын ұшқын»-деп Сухомлинский жазғандай, ойын баланы оқыту мен тәрбиелеуде қажет.
Ойындарды таңдаған кезде білім алушылардың ой-өрісін есепке алу қажет. Ойын балалардың құндылықты, жан-жақты психикасына әсер ететінін, олардың танымдылық қабілетін, тілін, үлкендер мен құрдастарымен қарым-қатынас дәрежесін, оқу қызметіне қызығушылығын ояту, балаға талдау, салыстыру, қорытындылау жасауды меңгеруге көмектесетін есте сақтау қажет.
Ойынның түрлері мен оларды өткізу ережелері.
«Дүкен»
Мақсаты: Баланың сөздік қорын молайту. Дыбыс туралы білімін тексеру, сөзде берілген дыбысты ажырата білу.
Дүкен сөресінде бір дыбысқа байланысты суреттер жатады. Сол белгіленген дыбысы бар суреттерді таңдап алу керек. Бұл ойынды кез келген дыбыс пен әріптерді өткенде қолдануға болады.
Және де тапсырманы ойын барысында қиындатуға болады. Атаған сөзін тақтаға жазғызып дыбыстық талдау жасау.
«Гүлдер алаңында»
Мақсаты: Сөздерге жұрнақтарды дұрыс қоса білу. Дыбыстарды дұрыс ажырата білу.
Ойынның ережелері: Тақтада жұрнақтар жазылған гүлдер ілініп тұрады. Жоғарыда, сандарымен, ұшып келе жатқан араларды гүлдерге дұрыс қондыру қажет. Мысалы араның үстінде «- інші» жұрнағы, қай санға бұл жұрнақ жалғанған кезде реттік сан есім шығады.
Ескерту: басқа да суреттерді қолдануға болады, мысалы, қоян мен сәбіз.
«Адасқан әріптер»
Мақсаты: әріптерден сөз құрастырып үйрену арқылы сөз қорын молайту.
Ойынның ережелері: Тақтада бірнеше әріптер ілініп тұрады, сол әріптерден оқушылар бірнеше сөз құрастырулары қажет. Құрастырған сөзден сөйлем құрастырып, оны тақтаға жазу арқылы баланың жазбаша тілін де дамытуға болады.
«Адасқан буындар»
Мақсаты: Буындар арқылы сөзді дұрыс құрастыра білу.
Ойынның ережелері: Тақтада бірнеше буындар ілініп тұрады , сол буындардан сөз құрастыру керек.
«Адасқан сөздер»
Мақсаты: Сөздерден сөйлем құрастыру арқылы ауызша және жазбаша тілдерін дамыту.
Ойынның ережелері: Тақтада бірнеше сөйлемдер ілініп тұрады. Сол сөздерді пайдалану арқылы сөйлем құрастыру қажет. Бұл ойында «Сөйлемдердің байланысы», «Сөз таптары», «Сөйлем» тақырыптарында кеңінен пайдалнуға болады. Және де жазбаша тілін дамытуда сөйлемді буындап қайталау арқылы өз сыныптастарына шағын диктант та ұйымдастыруға болады.
«Мәтін құрастыру»
Мақсаты: Мәтін құрастыруға жаттықтыру (сайыс сабақта қолданылады).
Ойынның ережелері: Тақтаға тақырыпқа байланысты суреттер ілінеді, мысалы, «Менің Отаным-Қазақстан», «Біздің еліміздің қалалары». Сол суреттерге қарап, топтың әр оқушысы 2 сөйлемнен құрастырады. Соңында осы тақырыпқа байланысты мәтін шығуы тиіс. Сөйлемдер өзара байланыста болуы қажет. Әр топ өз мәтіндерін оқып шығады, толықтырады.
«Жас ақын»
Мақсаты: Сөздерді ұйқасын тауып, мағынасына қарай өлең құрастырып үйрету. Тапсырма барлық балаға бірдей берілсе де, бұл тапсырманы 2-3 оқушы ғана нақты орындайды деп айтуға болады.
Сондықтанда баланың тапсырманы орындап шыққаны емес, талпынысы мен өлең шумақтарының құрастыру жолын білуде.
Ұйқас сөздер беріледі,
Мысалы: жасыратын, асыратын, ұстазым, ұқсағым. Қарады, барады, жарады, қалады.
Жақсылықты асырып,
Жамандықты жасырып,
Мейірімді менің ұстазым,
Келеді апайға ұқсағым.
Артқа Жангүл қарады,
Оқуға ол жарады.
Алысқа ол барады,
Есімде менің қалады.
«Хайуанаттар бағында»
Мақсаты: Жануарлардың атауын есте сақтау, аңдарды сипаттау арқылы тілдерін дамыту.
Ойын ережесі: Ойын әр түрлі әңгімеден басталады. Мысалы: хайуанаттар бағына барамыз. Онда көптеген қандай жануарлар болады? Жабайы.
Торда жатқан аңдардың біреуін таңдап, атын атамай, алдында тұрған қағазға жазады. Кейін соған сипаттама береді. Әңгімелейді. Қосымша сұрақтар қойылады. Баланың айтқан сипаты мен әңгімесі бойынша басқа балалар оның қайсы аңды таңдап тұрғанын тауып алулары қажет. Балалар өз нұсқаларын айтқан соң тақтадағы бала қағаздағы аңның атауын көрсетеді.
Ескерту: Бұл жерде баланың сипаттама бергеніне, әңгімелегеніне, балалардың сұрағына және аң атауының дұрыс жазылуына мән берілуі қажет.
«Сенің есіңде ме?»
Мақсаты: Өткен тақырыптарды қайталау арқылы оқушының тілін, есте сақтау қабілетін дамыту.
Ойын ережесі: Өткен тақырыптардағы оқыған әңгімелерден үзінді ұсынылады. Әңгіменің атын, авторын атау керек, ол әңгіме не туралы қысқаша мазмұнын айтып беру.
аталған ойынды әр түрде өткізуге болады, мысалы, конвертке салынған сұрақтарды, ал балалар емтихан тапсырып көрейікші. Мына билеттер ана тілі әлемінен келді. Осы билеттерде ана тілі бойынша өтілген тақырыптарға байланысты тапсырмаларды орындау керек. Бұл ойын баланың алған білімін жүйелеуде де әсері зор.
«Дорба ашу»
Достарыңызбен бөлісу: |