Ферменттер. Ферменттердің жалпы қасиеттері. Ферменттердің жіктелуі


Ферменттің активтілігі мен мөлшерін өлшеу



бет3/4
Дата21.12.2021
өлшемі39,18 Kb.
#104546
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
ферменттер

Ферменттің активтілігі мен мөлшерін өлшеу

Бөліп алынған таза фермент өзінің ферменттік активтілігімен бағаланады. Ферменттердің активтілігі өте жоғары болады. ферменттік активтілік дегеніміз белгілі фермент бөлшегінің көмегімен нақты уақыт ішінде алынған субстарт шамасы. Мысалы, α − амилазаның осындай қасиетін зерттеп білу үшін 250С жағдайында және 1 минут ішінде 1 мг фермент ыдыратқан крахмал мөлшерін анықтау қажет.

Ферменттерді мөлшерлік анықтау негізінен үш принципке сүйенеді:


  1. Ферменттің аз мөлшері белгілі субстраттың мөлшеріне қалай әсер ететіндігін анықтау.

  2. Берілген субстарт мөлшерінен фермент әсері арқылы осы процесте түзілегн өнімдерді анықтау.

  3. ферменттің активтілігі, оның әсер ету жылдамдығына негізделгін. Ферменттердің активтігі әр түрлі реакция жағдайында температураға, рН ортаға және субстарттың концентрациясына тәуелді болады. ферменттердің шамасы субстраттың шамасына және инкубация уақытына пропорционал болады.

Ферменттер активтілігінің өлшемі жөнінде энзимологияда мынадай ұғымдар қабылданған. Ферменттің халықаралық өлшемі Ө бас әріпімен белгіленеді.

Ферменттің халықаралық өлшемі дегеніміз − фермент әсерінің қолайлы жағдайында 250 С температурада бір минут ішінде субстраттың бір микромолін катализдеп өңдей алатын фермент мөлшері.



Изоферменттер

Бір организм ішінде құрылым жақтан бір-біріне ұқсамайтын бірнеше ферменттер болып, лгілі бір субстратқа ғана әсер етіп,ұқсас реакция өнімін түзуді катализдесе, онда бұндай ферменттерді изоферменттер деп атайды. Олар бір-бірінен бірінші реттік құрылымы, электрофорез кезіндегі жылжу жылдамдығы, сондай-ақ органотроптық қасиеттерімен ерекшеленеді. Әр түрлі органдардың өзіне тән изоферменттері бар, олар әр түрлі жағдайда әр түрлі органдарда ұқсас бір субстратқа әсер етіп, ұқсас реакция өнімін түзеді, сондықтан да диагностикалық маңызы өте зор.

Қазірге дейін біршама көп зерттелген, клиникада диагностикалық маңызы зор изоферменттерге лактатдегидрогеназа, креатинкиназа және сілтілі фосфатазалар жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет