Фьючерстік нарықта таңқаларлық феномен байқалады


Қолма -қол бағалар (немес спот бағалары)



бет2/5
Дата07.02.2022
өлшемі70,61 Kb.
#86923
1   2   3   4   5
Байланысты:
6 лекция биржа иси 05,10,20

Қолма -қол бағалар (немес спот бағалары) – нарықтың әртүрлі бөліктерінде сатылатын тауар бағалары. Әр мезетте тауардың сапасына, жеткізу орнына, тауарды қайта өңдеу сатысына және т.б. байланысты тауардың көптеген қолма қол бағалары болады.
Мысалы, сары жүгерінің №2 бір бушелінің бағасы Иллинойс штатында 2,25 $ тұруы мүмкін, ал Чикагода сол күні 2,35$ сатылуы мүмкін, себебі Чикагодағы баға жеткізудің қосымша құнын береді. Дәл осылай бағаларға тауар сапасы да әсер етеді. Мысалы, сары жүгері №3, сапасы төмен, сол кезеңде бағасы 2,20 $ ғана болуы мүмкін.
Бушеліне 2,45 $ желтоқсандық фьючерстік келісім-шарттың жүгеріге бағасы нарықтың ойы бойынша, сары жүгері №2 Чикагоға жеткізуді қосқанда желтоқсан айында 2,45 $ болады. Нарық қатысушыларының уақыты мен күтуі – қолма қол мен фьючерстік нарықтағы баға айырмашылығын анықтайтын осындай екі факторды айтуымызға болады.
Баға туралы ақпарат – фьючерстік нарықтың ең маңызды атқаратын жұмыстарының бірі. Тауарлардың ішкі саудасында да, халықаралық сауда да көбіне фьючерстік бағаларға арқа сүйейді.
Қолма қол және фьючерстік бағалар арасындағы айырмашылық биржа тәжірибесінде «базис» түсінігінің пайда болуына әкелді – қолма қол нарықтағы нақты орындағы тауар бағасы мен фьючерстік нарықтағы ұқсас тауардың бағасы арасындағы айырмашылық. Базис фьючерстік нарықтағы бағаның қолма қол бағадан алып тастау арқылы есептелінеді, оның үстіне, әдетте ең жақын фьючерстік ай алынады.
Сонымен, «спот»пен фьючерстің арасындағы айырмашылық базис (basis) деп аталады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет