Фил. ғыл канд., доцент Қ 56. Қожекеева Б. Ш. XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы: Зар заман әдебиеті



Pdf көрінісі
бет13/36
Дата20.02.2023
өлшемі1,17 Mb.
#169452
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36
Мұрат шығармаларының жариялануы 
Қазан қаласында Кәрімовтар баспасынан «Мұрат ақынның 
Ғұмар Қазы ұлыны айтқаны» атты өлеңі 1908 жылы басылған. 
Одан кейін Ташкентте 1924 жылы «Мұрат ақынның сөздері» 
деген атпен Халел Досмұхамедұлының құрастыруымен шықты. 
Мұрат Мөңкеұлының «Қарасай-Қази» жыры 1943 жылы басы-
лып шықты (Алматы: ҚМББ), «Алқаласа әлеумет» атты кітап 
«Жазушы» баспасынан 1991 жылы жарық көрді. Алматыда 
«Арыс» баспасынан «Мұрат» атты жинақ 2002 жылы шықты. 
Б.Қорқытовтың құрастыруымен ақынның жеке жинағы шыққан. 
Орталық ғылым академиясының ғылыми кітапханасының 
қолжазбалар қорында, Мұрат ақынның «Үшқиян», «Қазтуған», 
«Қарасай-Қази», «Қалмақтың қарғысы», «Сарыарқа», «Мұрат 
Мөңкеұлының шығармалары» №593 папкада сақтаулы. 
М.Әуезов атындағы «Әдебиет және өнер институтының қолжаз-
ба қорында №504 папкада «Мұраттың айтқаны», №97 папкада
«Мұраттың аулына жазғаны» (ОҒК), «№1302 пакада «Мұраттың 
той бастары» (ОҒК) сақтаулы тұр. 
Мұрат шығармаларының ғылыми зерттелуі 
Мұрат шығармалары ғалымдар тарапынан көптеп зерт-
телді. Ақын шығармалары туралы құнды пікірлер айтылып жүр. 
Әдеби орта оң бағасын берген төмендегі зерттеулерді беріп 
отырмыз. Атап айтқанда:М.Әуезов.Әдебиет тарихы. (Алматы: 
Ана тілі, 1991), Х. Досмұхамедұлы. Аламан. Алматы: Ана тілі, 
1991, Ы.Дүйсенбаев. ғасырлар сыры. Алматы: Жазушы, 1970, 
Қ.Жұмағалиев.Қазақ әдебиеті. Алматы: ҚМББ,1943, Қ.Мәдібай. 
зар заман ағымы. Алматы:Қазақ университеті, 1995, С.Мұқанов. 
ХVІІІ-ХІХ ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очерктер. 1-бөлім. 
Алматы: ҚМББ, 1942, Х.Сүйіншәлиев. ХІХ ғасыр әдебиеті. 
Алматы: Ана тілі,1992, Б.Омарұлы. Мұрат Мөңкеұлы Алматы: 
Крамдс-Пресс, 1993, Б.Омарұлы. Бұғауға бағынбаған жырлар. 
Алматы: Ана тілі, 1998, Б.Омарұлы. Зар заман поэзиясы. 
Алматы: Білім, 2000ж. 


45 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет