32
Сауысқан, ала қарға – құстың құлы,
Басталар ақырзаман жылқы жылы.
Шақырып кәпірсоқты
сұрап алдың,
Түзетіп ала алмассың, сірә, мұны.
Мешін-тауық жылдары,
Жалғыз-ақ қара қалады,
Ұялмастан бұл кәпір,
Оған да салық салады [24,0118 б].
Шортанбай сонымен
қатар айтыс ақыны ретінде Шөже,
Орынбай, Асан ақындармен сайысқа түскен. Осылардың ішін-
дегі көлемдісі де, мазмұны жағынан толымдысы да Орынбаймен
айтысы. Айтыстың өне бойынан ақынның тапқырлығын,
сөзге
шеберлігін, тілінің өткірлігін анық аңғаруға болады. Талай ай-
тыстарда шыңдалып, сан рет жүлде
алған Орынбай сияқты ай-
тулы ақынмен сайысқа түскен Шортанбай өзінің алғырлығын,
тілге тиек болар жағдайды бұрынырақ болжап,
алдын орап ке-
тетін сезімталдығын танытады.
Шортанбайдың өсиет түріндегі айтқан өлеңі өлер
алдындағы сөзі.
...Билер пара жемеңдер,
Жалғанды жолдас демеңдер.
Ақырет қамын іздеңдер,
Жалған бетті кезбеңдер.
Кісі хақын алмаңдар,
Аузыңа харам салмаңдар.
Дүние жиып өткен жоқ,
Бізден бұрынғы пайғамбар.
Сөзін айтайын үлкендер:
Құдайдан қапы кетпеңдер!
Әлің келсе Мекке бар,[24, 206 б]
...Енді есен бол елдерім!
Құсымды салған көлдерім!
Замандас құрбы теңдерім!
Ғибрат менен алыңдар [120].
Шортанбай Қанайұлының шығармашылық мұрасын өзінің
кандидаттық диссертациясына негіз етіп, ғылыми нысанына ай-
33
налдырған ғалым Қ.Мәдібаева ол туралы: «Шортанбай баяғыны
баяндап
беруші ғана емес, өз дәуірінің шындығын нақты көрі-
ніспен өлеңге өзіндік өрнекпен көшірген ірі дарын. Ілгерідегі
өлең дәстүрін дамытып, байытушы, заманға сай жаңа түске
көшіруші» деп бағалайды. [11,125 б]
Достарыңызбен бөлісу: