Фил. ғыл канд., доцент Қ 56. Қожекеева Б. Ш. XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы: Зар заман әдебиеті



Pdf көрінісі
бет2/36
Дата20.02.2023
өлшемі1,17 Mb.
#169452
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
УДК 821.512.122.0 
ББК 83.3(5Қаз) 
ISBN
 978-601-224-487-8
© Б.Ш.Қожекеева.,
 
2013 
 
© «Қыздар университеті» баспасы,2013



КІРІСПЕ 
 
Қазақ тарихымен біте қайнасып бірге келе жатқан төл әде-
биетіміздің өзіндік тарихы, жүріп өткен жолы бар. Әр кезеңдегі 
өмір сүрген ақын-жазушылар еңбектерін өз дәуірі тұрғысынан 
алып қарастырсақ сол заманның бет-бейнесі көрініс береді. 
Себебі, қандай ақын не жазушы, қаламгер болмасын қоғамда 
өмірге келеді, сол қоғамда біте қайнасып өмір кешеді және сол 
ортаның барлық мәселелеріне ат салысады, қандай да бір қиын-
шылықтарды өз басына түскен нәубеттей қабылдап, шығар жол-
ды іздеп сарсылады. Заман бейнесі, уақыт талабынан туындаған 
көптеген саяси және әлеуметтік мәселелер олардың шығарма-
лары арқылы бізге беріледі. Жетпіс жылдан аса өмір сүрген 
кеңестік дәуір тұсында әдеби жәдігерлеріміздің бір жақты баға-
ланғаны белгілі. Елімізді бодандық қыспағында ұстаған тотали-
тарлық жүйенің сыңаржақ саясатының қылбұрауы рухани қазы-
наларымызды толық игеруге мүмкіндік бермеді. Мызғымас 
Одаққа айналған кеңестік дәуір тұсында таптық, атеистік ком-
мунистік идеология әдебиетке де өз үстемдігін жүргізіп бақты. 
Соның салдарынан қазақ әдебиетінің көптеген көрнекті өкілдері 
ұзақ уақыт бойы қудаланып, олардың асыл туындылары халық 
игілігіне қызмет ету мүмкіндігіне ие бола алмады.
Әдеби жәдігерлерімізге көз жүгіртетін болсақ, сөз қадірін 
түсінген, асыл сөздің мәйегін теріп сөйлеген көркем сөз шебер-
леріне кездесеміз. Сөздің құдіретін түсінген ақындар, өмірден 
көрген-білгендерін өз замандастарына қарата айтумен бірге, 
кейінгі ұрпаққа аманат етіп отырды. Қай дәуір әдебиетін ал-
саңыз да тұнып тұрған тәрбиелік-тәлімдік дүниеге кезігеміз.
Осының өзі қазақ ақындарын жеке бастың күйі емес, көптің 
мұңы мен зары толғантқанын аңғартады. Аталы сөзге тоқтаған 
халық көп атынан сөйлей білген шешендерін қадірлей білді. 
Сондықтан да би-шешендердің дуалы аузынан шыққан өсиет-
тер атадан-балаға жетіп отырды. Осылайша кеңестік дәуірде 
белгілі мақсатпен жүргізілген саясаттың өзі қазақ халқының 
ғасырдан-ғасырға, атадан-балаға мирас болып қалған мол мұ-
расын жасыра алмады.



Қазақ халқының сан ғасырлардан арман еткен тәуелсіз-
дігіне бүгінгі күні қол жетіп отыр. «Мың өліп, мың тірілген» 
қазақ елінің тарихына көз жүгіртетін болсақ, қасіретке толы 
оқиғалар жетерлік. Ал соның бәрі әр дәуірде өмір сүрген ақын-
жазушылардың шығармаларынан орын алды. Қай дәуірдің әде-
биетін алсаңыз да, сол дәуірдің көркем шындығына қаныға тү-
сесіз. Осы тұрғыдан алып қарағанда бүгінгі тәуелсіздік тұ-
сындағы ұлттық әдебиеттану ғылымының алдында тұрған 
міндет сан алуан. Солардың бірі – тарих қойнауына кірген өт-
кенімізге үңіліп, бүгінгі егеменді елдің сын көзімен қарай оты-
рып, рухани жауһарларымызды ой елегінен өткізу болса, екінші 
сала

жоғымызды
түгендеу, барымызды бағамдау.Қ.Алпысбаевтың:
«Әдебиеттің ілгерілеуі де, өсуі де халықтың өткеніне көркемдік 
байыптау, қорытындылау жасау арқылы болады. Қазіргі өмір 
мен өткен заманның арасындағы байланыс, сабақтастықтың та-
рихи тақырыпты игеру нәтижесінде ғана ашылмақ. Халық өткен 
тарихын толық зерттеп, ондағы кемшіліктерін тиісті қорытынды 
шығармай тұрып, рухани дамуда үнемі жетістікке жетуі неғай-
был» [1, Б. 232], – деген пікіріне сүйенетін болсақ, ақын шы-
ғармаларын зерттеу арқылы біз сол тұстағы тарихпен жақыны-
рақ танысамыз. Себебі, кез-келген ақын өз заманының жыр-
шысы болатындығы тарихтан мәлім. Қазақ әдебиетіндегі «Зар 
заман» тіркесін М.Әуезов отаршылдық дәуірдегі ақындардың 
еңбектеріне сай термин ретінде қолданғаны белгілі. «Зар заман» 
атауы – XIX ғасырда өмір сүрген Шортанбай ақынның заман 
халіне айтқан бір өлеңінің аты. Шортанбайдың өлеңі ілгергі, 
соңғы ақындардың барлық күй, сарынын бір арнаға тұтас-
тырғандай жиынды өлең болғандықтан, бүкіл бір дәуірде бір 
сарынмен өлең айтқан ақындардың барлығына «зар заман» 
ақындары деген ат қойдық» [2,192], – деген М.Әуезов сөзі ар-
қылы әдебиеттану ғылымында «зар заман» ұғымы қалыптасты. 
М.Әуезов бұл ағымға XIX ғасырда болған ақындардың бәрі 
кіретінін айтады. 
Міне, осы бағытты, осы ұстанымды өз еңбегіміздің темір-
қазығы етіп ала отырып зар заман ақындарының шығармашы-
лығына тоқталуды жөн санадық. 



Зар заман әдебиеті
 
түрен түспеген тың дүние емес, осыған 
дейін де көптеген ғалымдар тарапынан зерттеліп жүр, дегенмен 
зар заман әдебиетінің соңғы өкілі саналып жүрген Асан 
Барманбекұлы мұрасын осы жолдардың авторының зерттеуінде 
көрсете отырып («Асан Барманбекұлының шығармашылық мұ-
расы

ғыл. канд. ...дисс. –
Алматы, 2010. – 137 б.) оқу құралын 
толықтырып, оқырмандар назарына ұсынуды жөн көрдік.
Еліміз егемендігін алып, тәуелсіздікке қолымыз жеткен-
дігінің белгісіндей болып мәлім және беймәлім ақындарымыз-
дың шығармалары да еркіндікке шығып толыққанды зерттеле 
бастады. Бүгінгі таңда XІX ғасырдағы қазақ әдебиетінің Дулат 
Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір 
Кердері, Базар Оңдасұлы, Асан Барманбекұлы, Нарманбет 
Орманбетұлы сынды көрнекті өкілдерінің әдеби мұралары 
жаңаша пайымдалды. Аталған көркем сөз шеберлерінің ақын-
дық қуатын анықтаған, шығармаларының тіл айшығын зертте-
ген, көркемдік қырларын жан-жақты сараптаған ғылыми-зерттеу 
еңбектер ұлттық әдебиеттану ғылымының қоржынын толтыру 
үстінде.
Зар заман әдебиетінің айтулы өкілі Шортанбай шығарма-
ларын талдаған Т.Нұртазиннің [3] Қазақ әдебиетінің тарихының 
кезеңдеріне және оның айтулы өкілдеріне тоқталған 
Х.Сүйіншәлиевтің [4], ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті тура-
лы С. Дәуітұлының [5], ақындар шығармашылығын жинақтаған 
«Ай, заман-ай, заман-ай. (бес ғасыр жырлайды) жинағының [6], 
зар заман ақындары жөніндегі Б.Омарұлының [7], қазақ әде-
биетін дәуірлеу мәселесіне қатысты М.Мырзахметовтың
[8,Б.190], зар заман өкілдері шығармаларын зерделеген
Қ.Сыдықұлының[9] ұлттық әдебиеттің көркемдік ізденістерін 
зерттеген М.Жолдасбековтің [10], Зар заман ағымын және 
Шортанбай 
мұрасын 
зерттеген 
Қ.Мәдібаеваның 
[11], 
Жамбылдың айналасындағы айтылмай жүрген Жетісу ақындары 
туралы С.Медеубекұлының [12] еңбектерінің
атқарар рөлі өте зор.
Зар заман әдебиеті өкілдерінің шығармаларын баспаға 
әзірлеуде, ғылыми зерттеу жұмыстары үшін материалдар жина-
ғанда М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының 



қолжазба қорындағы қолжазбалардың тигізер көмегі көп болды. 
Осы мұрағаттағы сақталған және аталмыш институт ұйымдас-
тырған экспедициялар нәтижесінде бірсыпыра дүниелер жинақ-
талған. Бұл мұрағаттардың барлығын да оқу құралын (Б.Қ) жазу 
барысында қажет жерінде керегімізге пайдаланып отырдық.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет