Фил. ғыл канд., доцент Қ 56. Қожекеева Б. Ш. XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы: Зар заман әдебиеті



Pdf көрінісі
бет6/36
Дата20.02.2023
өлшемі1,17 Mb.
#169452
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
 
Елің түсті езгіге, 
Жол бермей дұрыс сөздіге
Көр соқыр бермей тізгінін, 
Көкірегі көздіге, 
Елдің қамын жейтұғын, 
Мынауың теріс дейтұғын, 
Шетке қарсы тұратын, 
Ішіңнен шыққан адам жоқ [24,177 б]. 
Елден адал басшы кетті ел мен жер «ұстағанның қолында, 
тістегеннің аузында» кетті деп аһ ұрады.


21 
Зар заман ақындары шоғырының белгілі өкілі – Дулат 
Бабатайұлы қазақ халқының дәстүрлі жыр үлгісін түр жағынан 
өзгертіп, өлеңді көркемдеп кестенің жаңа үлгісін жасады. 
Дулаттың басқа ақындардан бір ерекшелігі мысал жанрына қа-
лам тартқандығы.Оның «Сары шымшық», «Шаштараз», «Қара 
қарға жем тілеп» атты мысалдары осының айғағы.
Дулат Бабатайұлының ерекше бөліп алып қарастыратын 
еңбегі «Еспембет» дастаны. Батырлар жырының үлгісінде жа-
зылған бұл дастанның жастарды ел қорғауға үндейтін, ата-ана 
байлығына мастанбай барлық керектіні әр адамның өзі жасауы 
керектігіне уағыздайтын маңызы бар шығарма. Биік рухты
адамгершілік, ел алдындағы парыз сияқты құндылықтарды дә-
ріптейді. Шығарма желісі қызықты, тартымды баяндалады. Бас 
кейіпкер Еспембет – жетім бала. Астына мінген аты Ақбөрте. 
Ақтанберді, Қабанбайлар тобында қалмақтарға қарсы соғысқа 
қатысады. Қартайып қалған Ақтанбердінің орнын басқан жас 
Еспенбет қалмақтарды жеңіп елін көп олжаға батырып жаудан 
азат етеді, өзі сол олжадан ештеңе де алмайды.
Қалмақтың басы белінде, 
Бақ құсы қонып басына, 
Еспембет келді еліне- деген жолдардан адам бойын, 
батырдың ерлігене сүйсінуден туған қуаныш кернейді. 
«О, Барақ жас, барақ жас» атты өлеңінде патша отаршыл-
дығының теріс пиғылына қарсы тұра алмай, елін қоса тонап 
жатқан билердің бейнесін берсе, «О, Ақтан жас, Ақтан жас» 
деген өлеңінде болашақта сендей жастар шығып осының бәріне 
тыйым болар ма екен деген үміттің отын жаға сөйлейді, алдағы 
күннен жақсылықтар күтетін оптимистік тұрғыда ойын аяқ-
тайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет