1 ТАРАУ. ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ
ТАРИХЫ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ
1.1.
ХІХ ғасыр – орыс отаршылдығының жаңа,
батыл, бетбұрыстар кезеңі
Ресейдегі 1861 жылғы орыс шаруаларын құлдықтан бо-
сату туралы реформаға Қазақстанды отарлауды аяқтау саясаты
дәл келді. Тарихтан белгілі болғанындай ғасырлар бойы орыс
билеушілерінің талауы мен қанауында болып келген орыс
шаруалары XIX ғасырда билеушілерге қарсы бой көтере
бастаған еді… Асқынып келе жатқан көтерілісті басу үшін
патша үкіметі шаруалардың басын құлдықтан босатып, жер
беруі керек болды. «Бұл қиындықтан шығуға патша үкіметі екі
айла тапты оның бірі – крепостное праводан азат болған шар-
уаларды завод-фабрикаға жіберу, екінші – қазақ даласы сияқты
отарланған кең жерге көшіру еді» [13, Б. 121].
Қазақтың кең даласына орыс шаруаларын көшіріп, өз
ішіндегі қалыптасқан бірқатар мәселелерді соның арқасында
шешуді көздеген патша өкіметі 1868 жылы «Қазақ даласын
билеу ережелері» деген заң шығарып, «қазақтың жері қазына-
лық мүлік» деп жариялады. Оны қазақтар «жаңа низам» деп
атады. Бұл заң бойынша елді облыстарға, уездерге, болыстарға,
старшындықтарға, бөліп билеу тәртібі орнады. Жер Ресейдің
жекеменшігі болып табылды. Қазақ даласында сулынулы, құ-
нарлы жерлерде он шақырымдық шептер құру, орыс мұжық-
тарын қоныстандыру, жүйелі түрде әкімшілік-саяси реформалар
жүргізу, әскери бекіністер салу сияқты шаралар нәтижесінде
қазақ халқы тұрақты әскери-саяси қысымға ұшырап, әлеуметтік-
экономикалық және саяси құқықтан айырылды. Қазақ отаршыл-
дық құрсауында қалып, шаруасы шайқалғанымен тынбай, руха-
ни қанауға да ұшырады. Мал шаруашылығымен айналысатын
халықтың жайылымдық жерлері тарылып, құнарлы жердің бәрі
келімсектерге беріле бастады. Атадан-балаға мирас болып келе
жатқан, білектің күші, найзаның ұшымен қорғалған қазақтың
кең жазира даласының осылайша тарыла бастауы халықтың ыза-
кегін туғызды. Себебі, тек малмен ғана күн көрген халық үшін
8
жайылымдық жерлерден айрылу дегеннің өзі өлімге жүгірумен
бара-бар еді. Қоқан хандығы тұсында діні бір мұсылман үмбет-
тері ортақ тіл табысып жүрсе, Ресейден келген келімсектердің
ислам дінін жоққа шығару жолдарындағы әрекеттері қазақты
тірідей қорлаумен тең еді. Осылайша, рухани қысым көрген ха-
лық ендігі жерде әлеуметтік тығырыққа тіреле бастады. Салық-
тың шамадан тыс көп салынуына қалжыраған, шұрайлы жер-
лерінен айрылған қазақтар осы қыспақтан құтылудың жолы көр-
ші жатқан Қытай еліне көшумен шешіледі деп ұқты. Сондықтан
да халықтың біраз бөлігі бұл жағдайларды Қытай жеріне үдере
көшу арқылы да шешпекші болды. Осы жөнінде П.П.Румянцевтің
жетекшілігімен жинақталған мұрағат құжаттарында: «Албаны и
Суаны, как истинные кочевники, видя в административных ме-
роприятиях только стеснение их веками сложившегося родового
быта, не желая подчиниться русской власти, и приспособляться
к новым для них формам управления, решили прибегнуть к ис-
пытанному уже много раз средству и откочевать в китайские
пределы для вольной кочевой жизни на широком просторе сво-
бодных китайских земель»,
–
деген жолдар кездеседі. [14, С.121].
Ресейдегі 1861 жылғы орыс шаруаларын құлдықтан
босату туралы реформаға Қазақстанды отарлауды аяқтау сая-
саты дәл келді. Тарихтан белгілі болғанындай ғасырлар бойы
орыс билеушілерінің талауы мен қанауында болып келген қара
шаруалар XIX ғасырда билеушілерге қарсы бой көтере бастаған
еді… Асқынып келе жатырған көтерілісті басу үшін патша
үкіметі шаруалардың басын құлдықтан босатып, жер беруі керек
болды. «Бұл қиындықтан шығуға патша үкіметі екі айла тапты
оның бірі – крепостное праводан азат болған шаруаларды завод-
фабрикаға жіберу, екінші – қазақ даласы сияқты отарланған кең
жерге көшіру еді» [13, Б. 121]. Жетісу өңірінің ең алғашқы әс-
кери губернаторы болып 1867 жылдың 11 шілдесінде
Г.А.Колпаковский тағайындалды. Оның басты мақсаты өзі сай-
ланған өлкені орыстандыру еді. Ол бұл мақсатына ішкі Ресейден
және Сібірден орыстарды көшіріп әкелу арқылы жетпекші бол-
ды. Тарих дерегіне жүгінсек: «Қоныс аударушылардың үлкен
ағыны, әсіресе Жетісу облысына келіп жатты. 12 жыл ішінде
9
(1863-1880жж) мұнда 3324 жанұя көшіп келді, солардың 2099
жанұя селендер құрды, ал 1225 жанұя қалаларда орналасып
қалды» [15, Б. 240].
Соның негізінде XIX ғасырдың 90-шы жылдарында
Жетісуда орыстың саны 101.488 адамға жетті. Қазақтың құнар-
лы жерлерін «переселендерге» бөліп беріп, шөлейт жерлерге
қазақты қуалады. Жақсы жерлерден бөліс тек өзінің қолшоқ-
пары болып жүрген байлар мен бектерге ғана берілді. Бұл бай-
лар мен бектер яғни, патша өкіметінің қолшоқпарлары ел ішін-
дегі қия басып, қылт еткенін патша адамдарына жеткізіп отыр-
ды. Олар басын көтеріп қарсылық көрсеткісі келгендерге дер
кезінде шара қолданып, басып-жаншып отырды. Байлар мен мен
билер қыстауларды, сонымен бірге жайлауды жеке меншігі ре-
тінде пайдалану құқығына ие болды. Алым-салықтардың бар-
лық түрлерінен, әр түрлі міндеттерден босатылды. Ел алдын-
дағы беделін көтеру үшін сый-сыяпаттар беріп, қылыш, ту,
мақтау қағаздарымен марапаттап отырды. «Патша өкіметі өзінің
жаулап алу саясатында, бір жағынан, қарулы күшке, отарлау
аппаратына, екінші жағынан, қазақ шонжарларының феодалдық
басшы тобына сүйенді» [16, Б. 123]. Жерінен айырылған елдің
бас көтеруге жағдайы жоқ еді, себебі жаз жайлауда, қыс қыс-
тауда емін-еркін жайлаған, малдан басқа кәсібі жоқ қазақ үшін
бұл ақырзаманның дәл өзіндей көрінгені анық. Сондықтан да
болар отаршылдық саясаты тудырған әр қилы жағдайлар сол
кездегі поэзиялық туындыларда ұлт басына түскен нәубет ре-
тінде қабылданып бар шындығымен жырланды. Отарланған қа-
зақ жеріндегі тап осындай саяси-әлеуметтік жағдайда өмір сүр-
ген Асан ақын уытты өлең-жырларымен әлеуметтік сұрақтар-
дың шешімдерін іздеді. Қ.Алпысбаевтың: «Әдебиеттің ілгері-
леуі де, өсуі де халықтың өткеніне көркемдік байыптау, қоры-
тындылау жасау арқылы болады. Қазіргі өмір мен өткен заман-
ның арасындағы байланыс, сабақтастықтың тарихи тақырыпты
игеру нәтижесінде ғана ашылмақ. Халық өткен тарихын толық
зерттеп, ондағы кемшіліктерін тиісті қорытынды шығармай тұ-
рып, рухани дамуда үнемі жетістікке жетуі неғайбыл» [1,Б. 232],
10
– деген пікіріне сүйенетін болсақ, ақын шығармаларын зерттеу
арқылы біз сол тұстағы тарихпен жақынырақ танысамыз.
Ресей империясының аярлық саясатының басы ел билеуші
бишігештерді біріне-бірін айдап салу болды. Бұл ниеттеріне
жергілікті ұлт өкілдерінен аға сұлтандық, болыстық, старшын-
дық билік мансаптарын үлестіру арқылы қол жеткізді. Олардың
қолдарына мөр беріп, бірқатар биліктің басын ұстатып, алдап-
арбап ұстады. Биліктен айырылып қалмау үшін қазақ билері
айуандықтың түр-түріне барды. Аға ініге, әке балаға қарамады.
Сайлау уақыты келген кезде ел іші алуан түрлі сойқанға толып
кететін болды. Сондықтан да егін егілмей, мал бағылмай айтыс-
тартысқа толы әділетсіздіктің барша түрі кең жайылып кетті.
Сайланған би-болыстарды патша тағайындаған губернаторлар
қадағалап, тексеріп отырды. Айтқандарына көніп, айдауына
жүргендеріне мақтап, марапаттап, дүние-мүлік, әскери шен-
шекпендер берді, кеуделеріне ордендерін тақты. Осындай келең-
сіздіктер қазақтың ұлы ақыны А.Құнанбаев шығармаларынан да
кең орын алды. Абай мұрасы жөнінде С.Қасқабасов: «Ол қазақ
өміріне, оның рухани дүниесіне сын көзбен қарап, олардың за-
ман ағымына сай емес екенін анықтады, жаңа ізгіліктерге ұм-
тылу қажеттігін айтып, оларды халыққа айқындап берді» [17 Б.
545], – деген болатын.
Отаршылдық саясаттың ақыры қазақ халқының әр саты-
дағы лауазымды адамдарының арасындағы алауыздықты кү-
шейтті, біріне-бірі жауығып, бірін-бірі көре алмайтын жайт-
тарға, жетті. Олар билік, мансап үшін бірін-бірі өлтіруге дейін
барды. Оны С.Мұқанов: «Қазақ халқының күшін ыдыратуға,
бірліктен айыруға патша үкіметі екі әдіс қолданды: біреуі көшіп
барған шаруалармен тұрғылықты қазақтардың арасына ұлт
араздығын тұтату, екінші – қазақтардың өзін өзара жауластырып
ұстау», – деп түсіндірді [13, Б. 122].
ХІХ ғасырдың ортасына таман қазақ даласына әскери-
полициялық тәртіп, жазалау жүйесі толығымен орнығып қалған
еді. Елдің экономикалық- саяси билігін қолына алғаннан кейін,
ол елдің тарихын, жүріп өткен жолын жоққа шығарып, дінін, ру-
хын, ұлт ретіндегі құндылықтарын жоюға ұмтылды. Осы жаза-
11
лар арқылы мойын ұсынушылық пен дәрменсіздікті қазақ сана-
сына сіңіруді ойластырды және сол арқылы өз мақсаттарына
жетпекші болды. Заңды сыйламағаны, тәртіп бұзғандығы үшін
абақтыға жауып, жер аудару жазасын тағайындады.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында патша үкіметі
Жетісуды толықтай меңгеріп алған соң енді Орта Азияға көз тіге
бастады. 1882 жылы Ресей Қытаймен шекара бөлісу туралы бір
жақты келісімге келген соң жәрмеңкелерді неғұрлым жақсарта
түсуге күш салды. Патша үкіметі қоныс аударушылардан
Қытайға қарсы әскери күш жинақтап, Қазақстанға сырттан басқа
халықтарды жинап, қоныс аудару процесінде жергілікті ұлтпен
санасқан да жоқ. Ресей отаршылдығы кезіндегі қазақтың рухани
даму процесіндегі қиындықтар мен қайшылықтарды жасырып
қалу мүмкін емес. Қазақ халқы қашан да білім мен біліктілікті
қадірлеп, надандықты сынаған. Қазақстанның отарлануы қауым-
ның саяси өміріне жаңаша үрдістер енгізіп, дағдарыс әкелді
және жергілікті отаршылдық әкімшілікті еш толғандырған жоқ.
Бөкей ханның ордасында қабілетті балаларды хан Ресейдің қа-
лаларына оқуға жіберіп отырды. 1813 жылы Орынборда әскери
училищелер ашылып, олар кейін кадет корпустары деп аталды.
Бірақ қазақ балаларының білім алуына шектеу қойылды және ол
тегіне қарай шешілді. Көзі ашық білімді қазақтардан қорыққан
патшаның отаршылдық саясаты оған барынша қарсы болды.
1813 жылы Қазақстан территориясында бар болғаны 2006 мек-
теп болды. Онда не бары 105 мың бала оқыды. Ал мұғалімдер
саны 3000 – нан сәл ғана асатын.
Осындай ел басындағы жағдайларды тап басып көре біл-
гендер әрине, XIX ғасырдағы көзі ашық, көкірегі ояу, қаруы
өткір сөз болған қазақ ақындары еді. Олар патша ойластырған
жаңа биліктің басындағы билеуші сұлтан-төрелерді, болыс-би-
лерді ел басқаруда ата-баба салтынан жырақ кетпеуге, бірлікке,
елдікке, имандылыққа шақырды.
ХІХ ғасырдың аяғын ала ислам дініне тиым салынып,
мемлекеттік деңгейде ашықтан-ашық миссионерлік саясат жүр-
гізуді қолға алды. Миссионерлік мерезді қоздырудың келесі бір
тәсілі – орыс шаруаларын қазақ ішіне араластыра қоныстандыру
12
болды. Осыған байланысты 1868 жылы «Переселенческий коми-
тет» құрылып, оның халықты шоқындыру ісімен арнайы «Обру-
сительная палатасы» айналысқан еді. Ел ішіндегі келеңсіздіктің
ең сорақысы дүмше молдалардың ақ жолдан шығып, азғын-
дыққа ұшырауы еді. Шариғат қағидаларын жетік білетін ғұлама-
лармен айтыс-тартысқа түскен дүмше молдалар жер дауы, жесір
дауы, жаназа, неке, талақ сияқты діни мәселелерде теріс үкімдер
шығарып отырды. Осындай жайттарды шешу мақсатында ел
ішін реттеу үшін патша үкіметінің бұйрығы бойынша енді ел
ішінде «указной молда» дегендер шықты. С.Мұқанов осы жай-
лар туралы мына бір ойды алға тартады: «Патша үкіметі қазаққа
крестьян дінін ұсынуға қорықты да, татар, башқұрттың мол-
далары арқылы қазақ даласына дін жаюды ойлады. …Молда-
ларға патша үкіметі үш түрлі міндет жүктеді: 1) Хан ордасында
патшалық жұмысын атқару; 2) Тыңшылық ісін басқарып, қазақ
арасындағы патшаға қарсылықты үкіметке жасырын жеткізіп
тұру; 3) Мешіт салдырып, дін үйретіп, халықты патшаға қарсы
болмауға үндеу» [18, Б. 27]. Указной молдалардың үстінен округ
ахуны және мухтасибтер (есепші) тексеріп отыруға тиіс болды.
Олар атқарар істер аясы кең болды. Ереже бойынша туу туралы
куәлік қағазы, өлген адамдарды тіркеу, неке, талақ сияқты
істерді ретке келтіру үшін арнайы қағаздармен қаруланған мол-
далар указдарын алып, күймелерін сылдырлатып, мойындарына
шынжыр баулы сағаттарын тағып, тойға келгендей сән-салтанат
құрып келіп-кетіп жатты. Бұларсыз, не болмаса, олар атынан
біреу бармаса өлген адамға жаназа да шығарылмады. Указной
молдалар жаназа шығарған молдаға зекет етесің, підияға мына-
ны бер, құранға берерің мынау, жаназаға берер бағаң мынау деп
өздері тағайындаған өлшемді ұсынатын болды. Басқа біреулер
жаназа оқып қойса, олар қуғынға ұшырайтын болды және қайда
жүрсе де тауып алып, айып төлететін еді. Бұл указной молдалар
елдің пікірімен санаспай, адалдықтан, адамдықтан жұрдай бо-
лып, бар ойы ел үстінен көрер пайдада болды. Осы жерде бір ес-
керетін жай, ел арасында сенімсіздік тудырып отырған «дүмше
молдалардың» және ислам дінін таратушы ілімді молдалар
арасындағы ара жікті дұрыс ажырата білу туралы ой туындайды.
13
Қазақстанның Ресей құрамына өтуі нәтижесінде зар заман
кезеңі басталды. Патша саясаты ХХ ғасырдың басында отар-
лаудың шегіне жеткені тарихтан мәлім. Отаршылдыққа қарсы
шыққан алаш арыстарының тарих сахнасынан ысырылып тас-
тауының да сыры осында жатыр. Көріп отырғанымыздай қазақ
еліне, жеріне жүргізілген патша саясатына исі қазақ қарсы бол-
ды. Өмірдің осындай қиын-қыстау жағдайы халықтың басына
жарқын болашаққа деген күдігін, уайым мен зар-мұңын әкелді.
Патшалық Ресейдің отар еліне айналған қазақ елінің тап
осындай саяси-әлеуметтік жағдайында өмір сүрген Шортанбай,
Дулат, Мұрат, Әбубәкір, Шернияз, Базар, Албан Асан,
Нарманбет сияқты ақындары, елдің жанашырлары ел-жұртына
қамқор болуды мақсат тұтты. Олар өз заманының шындығын
ақтара ашып көрсетіп, өткір сын айта білді. Дәл сол заманның
өлшемімен алғанда бұл ерен ерлікке пара-пар еді. Отаршылдық-
тың көптің көзі, құлағы бола білген ақындар шығармаларынан
кең орын алуының да басты себебі осы болатын.
Зар заман ақындарының шығармаларындағы ұлттық бол-
мысы, қазақы қадір – қасиеті сақап қалуға үндеген, ой – пікір-
лер жанаймен шарасыздықпен соңғы төзімді сарқа айтылғанды-
ғымен ерекшеленеді. Мұндай өлеңдермен болжамдықтың бұға-
уына бас игісі келмеген ұлт қайраткерлерінің өршіл үні айқын
аңғарылады. Зар заман ақындарының шығармаларында сары
уайымға салыну, қайғы – мұңға берілу сарыны да байқалады.
Бұл кезең ақындары келер күннен үміт жоқтығын налыйды,
тығырықтан шығатын жол таппай қыйналады. Олар елдің
барлық түсінен Нәубетті ақыр заманың келгені деп ұғады.
Достарыңызбен бөлісу: |