23
өлеңдері арасындағы үндестікке тоқталады. (Алматы. Жазушы,
1999), Т.Қожакеев «Дулат – сатирик» атты кітабында Дулат
Бабатайұлының
сатиралық
шығармаларын
қарастырады.
(Алматы: Раритет 2003), Дулат пен Абай шығармаларын салыс-
тыра отырып талдаған еңбек З.Ахметовтың «Абайдың ақындық
әлемі» еңбегі. (Алматы: ана тілі, 1995), Дулат шығармаларының
тәлімдік жақтарына назар аударған
еңбек М.Жармұхамедұлының
Дулат Бабатайұлы. Шығармалары мен тағылымы. (2-кітап.
Алматы: Раритет, 2002) атты кітабы, отаршылдықтың салқыны
көрші жатқан қырғыз елін де айналып өтпеді, қазақ ақында-
рымен қатар қырғыз ақындары да осы тақырыпты қозғады. Екі
елдің сол дәуірдегі шығармаларын салыстыра қараған
Б.Омарұлының «Екі елге ортақ зар заман отаршылдыққа қарсы
бас көтерген қырғыз, қазақ ақындарының жырлары талданады
(Алматы: Жалын. – 1998), Зар заман поэзиясы. (Алматы: Білім,
2002), Қ.Өмірәлиев. Қазақ поэзиясының жанры мен стилі.
(Алматы: Ғылым, 1983), ХV-ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясы-
ның тілін қарастырады. (Алматы:Ғылым, 1976), Қ.Раевтың
«Ұлағат». Деген атпен мақалалары, зерттеулері, эсселері беріл-
ген. (Алматы: білім, 2001), Э.Пертаева Дулат Бабатайұлының
ақындығы. (Алматы: Қаз.университеті, 2000), өзінің ғылыми ең-
бегінің нысаны етіп алған М.Н.Бекбосыновтың «Д.Бабатайұлы
және Абай шығармаларындағы отарлық езгіге қарсы әдеби са-
рын. фил. ғыл. канд. ...дисс. – Алматы, 2004. –150 б. сияқты бір-
қатар ғалымдардың еңбектерін ауыз толтырып айтуға болады.
Патша отаршылдығы дәуірінде өмір сүрген ақындар
туралы ғалым Ә.Дербісәлин: «...Дулат, Шортанбайлар өз өмірін-
дегі ескілік үшін күресе отырып, сол заманның біраз шындығын
жамандай айтса да, оларды өз замандастарының көбінен артық
көріп, бейнелі түрде айтып берді» деп өз бағасын береді
[Ә.Дербісәлин «ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясы, Алматы: 1985,
Ғылым]
Достарыңызбен бөлісу: