22
М.Байділдаев пен М.Мағауиннің құрастыруымен шыққан
«Бес ғасыр жырлайды» атты екі томдықтың бірінші томында
Дулаттың біршама өлеңдері жарық көрді. Сонымен қатар
Дулаттың «Орталық ғылыми кітапханасының»
қолжазба қо-
рында бірқатар өлеңдері сақтаулы. Олар: 1302 папка (ОҒК)
«Әуелі қазақ деген ғаріп жұрт», «О, Барақ жас, Барақ жас»,
«Тегімді менің сұрасаң, қалың найман руынан), «Кеңесбайға»,
«Ел аралаған ишанға айтқаны», «Ақтан деген жетім балаға айт-
қаны»
«Баласына айтқаны», 1-дәптер.1302.
2-дәптер. «Еспенбет»
дастаны. «Ей, мұсылман, қарындас», «Алақандай ай мен күн»,
549 папка. Бабатайұлы Дулаттың шығармалары. 879 папка.
Дулат жырлары. 140 –дәптер, 139 – дәптер. «Жапанға
біткен
жантақ»
Ғалым Х.Сүйіншәлиев Дулат өлеңдерінің сақталып бізге
жетуі туралы: « ... Ғаббас Байділдәұлы мен Шәкір Әбенұлының
еңбегі ерекше.Бұл азаматтар Дулаттың өзін көрмесе де оны
көрген Байділдә ақсақалдың қолжазбасын сақтап,
ғылыми көп-
10,5 Қазақстан ғылым академиясының «Әдебиет және өнер»
институты қолжазба қорындағы Дулат өлеңдерінің біразы (1500
жолдай) соның сақтауы арқылы жеткен» деп келтіреді.(Қазақ
әдебиетінің тарихы. Оқулық. – Алматы, «Санат», 2006. – 904
бет).
Берікболов Елеусіз, Ш.Кәрібаев, Мәулекей Есімұлы,
Сапарғали Бегалин, Шәкір Әбеновтердің жинап, тапсырған
Дулат туралы деректері мен
өлеңдерінің Дулат мұрасын
зерттеуде алатын орны өте зор.
Дулат шығармашылығының ғылыми зерттелуі
Көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы,
профессор Ханғали Сүйіншәлиевтің «Қазақ әдебиетінің тарихы»
атты еңбегінде Дулат шығармашылығы мен
өмірі туралы мол
мә-
ліметтер келтіріліп, тұшымды
талдаулар жасалды.
(Сүйіншәлиев Х.
Қазақ әдебиетінің тарихы. – 1997. – 449 б.)
Қ.Раевтың «Дулат тағылымы мен сын-зерттеулер» атты
кітабында Дулат шығармашылығы ғылыми жағынан зерделенді.
(2 кітап) (Алматы. Раритет 2003 ж.), Т. Шапай Абай мен Дулат.
Шын жүрек – бір жүрек» атты еңбегінде Абай мен Дулаттың
23
өлеңдері арасындағы үндестікке тоқталады. (Алматы. Жазушы,
1999), Т.Қожакеев «Дулат – сатирик»
атты кітабында Дулат
Бабатайұлының
сатиралық
шығармаларын
қарастырады.
(Алматы: Раритет 2003), Дулат пен Абай шығармаларын салыс-
тыра отырып талдаған еңбек З.Ахметовтың «Абайдың ақындық
әлемі» еңбегі. (Алматы: ана тілі, 1995), Дулат шығармаларының
тәлімдік жақтарына назар аударған
еңбек М.Жармұхамедұлының
Дулат Бабатайұлы. Шығармалары мен тағылымы. (2-кітап.
Алматы: Раритет, 2002) атты кітабы, отаршылдықтың салқыны
көрші жатқан қырғыз елін де айналып өтпеді,
қазақ ақында-
рымен қатар қырғыз ақындары да осы тақырыпты қозғады. Екі
елдің сол дәуірдегі шығармаларын салыстыра қараған
Б.Омарұлының «Екі елге ортақ зар заман отаршылдыққа қарсы
бас көтерген қырғыз, қазақ ақындарының жырлары талданады
(Алматы: Жалын. – 1998), Зар заман поэзиясы. (Алматы: Білім,
2002), Қ.Өмірәлиев. Қазақ поэзиясының жанры мен стилі.
(Алматы: Ғылым, 1983), ХV-ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясы-
ның тілін қарастырады. (Алматы:Ғылым, 1976), Қ.Раевтың
«Ұлағат».
Деген атпен мақалалары, зерттеулері, эсселері беріл-
ген. (Алматы: білім, 2001), Э.Пертаева Дулат Бабатайұлының
ақындығы. (Алматы: Қаз.университеті, 2000), өзінің ғылыми ең-
бегінің нысаны етіп алған М.Н.Бекбосыновтың «Д.Бабатайұлы
және Абай шығармаларындағы отарлық
езгіге қарсы әдеби са-
рын. фил. ғыл. канд. ...дисс. – Алматы, 2004. –150 б. сияқты бір-
қатар ғалымдардың еңбектерін ауыз толтырып айтуға болады.
Патша отаршылдығы дәуірінде өмір сүрген ақындар
туралы ғалым Ә.Дербісәлин: «...Дулат, Шортанбайлар өз өмірін-
дегі ескілік үшін күресе отырып, сол заманның біраз шындығын
жамандай айтса да, оларды өз замандастарының көбінен артық
көріп, бейнелі түрде айтып берді»
деп өз бағасын береді
[Ә.Дербісәлин «ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясы, Алматы: 1985,
Ғылым]
Достарыңызбен бөлісу: