Ғылым және техника. Ғылыми-техникалық прогресс және қазіргі ғылымның даму болашағы мәселелері. Қоғам өміріндегі ғылымның рөлін бағалаудағы қайшылықтар. Сциентизм және антисциентизм


Қазақстан ғылымы дамуының келешегі. Отандық ғылым мен білімнің дамуындағы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының үлесі



бет3/4
Дата08.02.2022
өлшемі32,47 Kb.
#119257
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
ылым ж не техника. ылыми-техникалы прогресс ж не азіргі ылы

Қазақстан ғылымы дамуының келешегі. Отандық ғылым мен білімнің дамуындағы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының үлесі.

Қазақ ғылымы дамуының негізгі күші – ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындары. Бүгінгі күні Қазақстанда ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын 383 ұйым бар. ҚР Білім және ғылым министрлігінің жетекшілігімен еліміздегі оқу орындары жанынан ғылыми-зерттеу орталықтарының құрылуы да отандық ғылымның ілгерілеуіне өзіндік үлес қосуда. Елімізде білім беруді және ғылымды дамыту үшін түрлі шаралар кешенді іске асырылуда. Осыған орай қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін кеңейту, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ғылымның үлесін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметі 2019 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын қабылдады.


Білім және ғылым жүйесінің кадрлық әлеуетін дамыту. Бұл тұста ғылымның зияткерлік әлеуетін нығайту басты мәселенің бірінен саналады. Жас ғалымдарды қолдау мақсатында конкурстар өткізу (конкурстық гранттар негізінде), PhD мен тағылымдамаларға арналған гранттар санын көбейту, жас ғалымдарға арнайы ғылыми гранттар бөлу, қазақстандық жобаларды іске асыруды шетелдік ғалымдарды тарту арқылы жүзеге асыру отандық ғылым дәрежесінің көтерілуіне үлес қоса алады.
Жастарды ғылымға тарту мақсатында жас ғалымдар қауымдастығын құру, ғылымға деген қызығушылықты арттырып, ғылым дәрежесін өсіру және жас ғалымдардың санын арттыру үшін өңірлік ғылыми форумдар өткізіп, ғылыми-танымдық журналдарды қолданысқа енгізу және ғалым кәсібінің беделін барынша насихаттауды жүзеге асыру да мәселенің оңтайлы шешу жолынан болмақ.
Бұл тұста бағдарлама үш бағытты көздейді: ғылыми әлеуетті дамыту, кадр резервін күшейту және көшбасшыларды дамыту бойынша стратегиялық HR-менеджментті енгізу жөніндегі жұмыстарды кешенді түрде жүргізу.
Білім мен ғылым инфрақұрылымын дамыту және цифрландыру. «Цифрландыру трендтерін ескере отырып, ғылыми инфрақұрылымды жаңарту және жаңғырту жөніндегі шаралар кешені әзірленетін болады» деп көрсетілді аталған құжатта.
Ғылым инфрақұрылымын жаңғырту және ғалымдардың сандық дағдыларын дамыту шараларын жандандыру да көзделуде.
«Ғылымды цифрландыруды дамыту мақсатында Қазақстан ғылымының бірыңғай ақпараттық жүйесі құрылатын болады. Жүйенің мүмкіндіктері ғалымдардың өзекті дербес бейіндерін құруға және қолдауға, әрбір ғалымның мемлекеттік көздерден қаржыландырылатын зерттеулерге қатысу тарихын қалыптастыруға, оңтайлы ғылыми әріптестікті ұсынуға, қаржыландыруға өтінімдер мен ғылыми зерттеулер туралы есептерді жіберуге, сараптамадан өту мониторингін жүзеге асыруға мүмкіндік береді» деген міндет баса көрсетілген.
Білім беруді басқару және қаржыландыру жүйесін трансформациялау. Әуелі, ғылыми қызметкерлерге төленетін еңбекақы төмен деңгейде. Сондай-ақ ғылыми-зерттеу қызметіне ынталандыру да жеткіліксіз жолға қойылған. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар нәтижелілігі төмен. Соған сай индустрия мен бизнес тарапынан ғылыми нәтижелердің талап етілмеуі орын алған. Ғылыми зерттеулерді қаржыландыру мен қоса қаржыландырудың төмендігі сияқты проблемалар бар.
Білім мен ғылымды қаржыландыру көлемі ғылыми әлеуеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда, ЭЫДҰ елдерінің қағидаттары мен стандарттарына сай келетін елдің стратегиялық міндеттеріне сәйкес келмейді. Осыған байланысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев білім мен ғылымға арналған жалпы шығыстарды ЖІӨ-ден 5%-ға дейін ұлғайтуды қарастыруды тапсырды.
Ғылыми-зерттеу қызметін жаңғырту. Ғылыми-зерттеу қызметін жаңғыртудың бірден-бір жолы – ғылымды интернационалдандыру.
Мемлекетіміз ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастықты қолдау үшін жетекші шетелдік ғылыми орталықтар мен университеттерде жұмыс істейтін отандастарды тарту үшін арнайы бағдарламалар әзірлеуді негізгі мақсат етіп отыр.
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қоғамдық және гуманитарлық ғылымдарды дамыту бойынша «

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет