Ғылым және техника. Ғылыми-техникалық прогресс және қазіргі ғылымның даму болашағы мәселелері. Қоғам өміріндегі ғылымның рөлін бағалаудағы қайшылықтар. Сциентизм және антисциентизм



бет1/4
Дата08.02.2022
өлшемі32,47 Kb.
#119257
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
ылым ж не техника. ылыми-техникалы прогресс ж не азіргі ылы


Ғылым және техника. Ғылыми-техникалық прогресс және қазіргі ғылымның даму болашағы мәселелері. Қоғам өміріндегі ғылымның рөлін бағалаудағы қайшылықтар. Сциентизм және антисциентизм.

Қазіргі таңда қоғам өмірін ғылым мен техникасыз көзге елестету мүмкін емес.


Ғылым-бұл қоғам, табиғат және ойлау қабілеті туралы жаңа білімді алу үшін бағытталған зерттеу әрекетінің сферасын айтады. Ерекше адамзат тобының арнайы және физикалық сабақ түрінің әрекеті, сонымен қатар дұрыс еңбек ізінен және еңбектің қоғамдық бөлімдерінен ғылым туады. Ірі көлік өндірісінің шығуы, ғылымда өндірістің өзіне беделді факторларының жағдайын құрайды.
Ғылым философиясы ғылыми білімнің сипаттамасын, табиғатын, жағдайын ашуды міндет етіп қояды. Ғылым философиясының пәні болып ғылыми білімді қалыптастырушы ерекше қызмет ретіндегі ғылыми танымның жалпы заңдылықтары мен бағдарлары табылады.
Ал ғылыммен тығыз байланысты екінші «техника» ұғымын қарастыруға болады. Гректің «техне» деген сөзі алғашқыда «өнер», «шеберлік» деген мағынада қолданылды. Бүгінгі таңда «техника» деп барлық қоғамның салаларында қолданылатын неше түрлі құралдарды айтамыз. Ф.Энгельсті еске алсақ, адамның өзі-ақ еңбек құралдарын жасау арқылы жануарлардан бөлініп, саналы пендеге айналған жақ па? Егер жануар айнала қоршаған ортаға өз дене мүшелерін жетілдіру арқылы бейімделсе, адам, керісінше, өз дене мүшелерінің жалғасы ретінде неше түрлі жасанды заттарды жасайды да, оларды табиғат пен өзінің екі ортасында орналастырып қоршаған ортаны өзгертеді. Егерде жануардың дене мүшелері белгілі бір оның өміріне керек қызметті істеуге мыңдаған жылдар бойы бейімделіп, өзінің мәресіне жетсе, адамдікі жетілген болмасада, өзінің жан-жақтылығымен көрінеді.
Мыңдаған жылдар бойы ғылым ұрықтары философияның ішінде пайда болып дамыды. Математиканың (геометрия) негіздері жер өлшеу, су каналдарын өткізу т.с.с., астрономия көшіп-қонудағы аспанға қарап бағыт алудан, Орта ғасырлардағы алхимия байлықты өсіру (қорғасынды алтынға айналдыру) іс-әрекетінен пайда болды. Дегенмен де бүгінгі ғылым өз түп-тамырларымен Жаңа дәуірге, яғни капитализмнің тарихқа келуімен байланысты дүниеге келеді. Оның Отаны – Еуропа топырағы. Егер Батыс пен Шығыс елдерінің даму қарқыны мыңдаған жылдар бойы біркелкі болса, ХVI ғасырдан бастап Еуропа ғылыми зерттеулерді дамыту барысында тез қарқынмен алға өрлей бастайды. Шығыс елдері ғылыми-техникалық салада артта қалады.
Бүгінгі таңда күнбе-күнгі өмірде «технология» деген ұғымды да көп пайдаланып жүрміз. Қарапайым сананың деңгейінде «техника» мен «технология» ұғымдары бір мағынада қолданылады. Алайда бұл ұғымдардың бір-бірінен айырмашылығы бар екенін байқаймыз. Егер техникаға неше түрлі заттардан жасалған құралдарды жатқызсақ, технологияға белгілі бір жасанды затты, я болмаса құбылысты жасау жолындағы әдістерді, олардың бірінің соңынан бірі келетін тәртібін айтамыз. Олай болса, алғашқы «шеберлік» деген мағынаға тағы да қайтып келдік. Жоғарғы дәрежедегі технологияның негізінде жасалып шығарылған заттың сапасы биік болады.
Бүгінгі таңда дамыған елдерде көп өндіріс ошақтарында автоматтандырылған цехтар жиі кездеседі. Мысалы, автомобильдерді шығаратын зауыттарда, машина қорабын жасау, оны бояу, т.с.с. жұмыс түрлері автоматтар мен роботтарға берілген.
Солай келе компьютерлік техника дамып, көп жағдайда бүгінгі таңда олар ақпаратты таңдап алу, оларды бір жүйеге келтіру, түр-түрге бөлу, т.с.с істермен айналысып, өндірістегі шешімдерге келуге, оларды іске асыруға көмектеседі.
Сонымен тарихи адамның негізгі еңбек функциялары бірте-бірте машиналарға беріліп, олар қоғам өмірінде елеулі рөлге ие болды.

Соңғы жылдардағы ғылым мен техниканың дамуы «үлкен жарылысты» еске түсіреді. Бүгінгі таңдағы өндірістегі автоматикалық зауыттар, бүкіл дүние жүзін қамтыған интернет жүйесі, теледидар, үялы телефондар, 2,5 дыбыс жылдамдығына жеткен ұшақтар (Конкорд), Ғарышта орналасқан станциялар мен жер серіктері т.с.с. қазіргі ғылым жетістіктеріне негізделген.


Осы жетістіктерге таңырқап, сүйсіне қараған ойшылдар болашақта адамзаттың барлық қайшылықтары ғылымның даму негізінде шешіледі деген көзқарас ұстады. Мұны біз сциентистік (scientia — лат. сөзі, ғылым), я болмаса техно — оптимистік көзқарас дейміз.
Техника философиясы – бүгінгі әлемдегі техника феноменінің философиялық методологиялық және дүниетанымдық мәселелерін арнайы зерттейтін бағыт. Оның негізгі мақсаты – техниканы, оның дамуын біртұтас құбылыс ретінде қарастыра отырып, техникалық іс - әрекеттің мәнін ашу, техникалық мәдениетпен, саясатпен, адам іс - әрекетінің басқа да түрлерімен байланысын анықтау.
Техника философиясының көрнекті зерттеушісі неміс ғалымы Ф.Рапп оның мынадай негізгі бағыттарын көрсетеді:

  1. техника тарихын және оның мәдениетпен қарым – қатынасын зерттеу;

  2. қазіргі техника мен еңбектің жалпы сипатының социологиясын сараптау;

  3. еңбек етудің, әлеуметтік, саяси белсенділіктің экзистенциялық мәселелерін зерттеу;

  4. эпистемология тұрғысынан органикалық әлемнен техникалық әлемнің бөлуінуін қарастыру;

  5. басқару мәселелері және техника мен бүкіл адамзаттық құндылықтардың өзара қарым – қатынасын зерттеу.

Техника адам өмірін жеңілдету және кеңейту, дамыту қажеттілігінен пайда болды.
Техника болмысы туралы білім XIX ғасырда қалыптасты. Техника философиясының техника – болмыс қатынасын арнайы зерттейтін бөлімі техника онтологиясы, ал техника – адам қатынастарын қарастыратын бөлімі техника антропологиясы деп аталады.
Техникалық білімнің негізгі ерекшелігі – оның нысаны табиғи емес, жасанды сипатта болуы. Техникалық құрылымдар адамның қолымен жасалынады, бұл процессте оның жан – жақты мүмкіндіктері кеңінен қолданыс табады. Бір адам техникалық құрылымның жобасын сызады, екіншісі оны өндірудің технологиясын жасайды, үшіншісі оны өндіреді. Ал төртіншісі онымен тікелей жұмыс жасайды. Бұлардың әрқайсысы белгілі бір саладағы арнайы білімді игерген адамдар. Физика, химия, механика, технологиялық білімдер болмаса техниканың дүниеге келуі мүмкін емес. Бұған техникалық білімнің жақында ғана қалыптасуының өзі айқын дәлел бола алады.
Ғылыми – техникалық революция ұғымы ғылым мен техникада пайда болған сапалық өзгерістерді білдіреді. Оның басталуы XX ғасырдың 40 жылдарына сай келеді.
Ғылыми – техникалық революция еңбектің сипатын мағынасын, өндіргіш күштердің құрылымын, қоғамның кәсіптік және салалық құрылымын өзгертеді, еңбектің өнімділігін арттырады, қоғамның барлық жағына әсер етеді.
XX ғасырдың 50 жылдарынан бастап ғылыми – зерттеулерде, өндірісте, басқару, ұйымдастыру саласында электронды – есептегіш машиналар кеңінен қолданыла бастады. Информатиканың, есептеу техниканың, микро процессорлар мен работотехниканың дамуы өндіріс пен басқарудың кешенді автоматтандандырылуына жол ашты.
Ғылым дамуының қазіргі кезеңдегі философиясы — дүниетанымдық базасы диалектикалық-логикалық тұжырымдама болып табылады.
Ғылыми-техникалық прогресс – ғылым мен техниканың бірегей, бір-бірімен сабақтаса, біртіндеп дамуы. Ол 16–18 ғ-лардағы мануфактуралық өндірістен, ғылыми-теориялық және техникалық қызметтер өзара жақындасып, тоғыса түскен кезден бастау алады. Бұған дейін материалдық өндіріс негізінен эмпирикалық тәжірибені, кәсіби құпияны қорландырып, машық-тәсілдерді жинақтау есебінен баяу дамып келді. Сонымен бірге табиғат туралы ғыл.-теор. таным аясында да ілгерілеу ниеті байқалды, бірақ ол теологиялық-схоластикалық қасаңдыққа қамалып, өндірістік амалшараларға ұдайы әрі тікелей ықпал ете алмады.
16 ғ-да адамзат баласының сауда-саттықты өрістетіп, теңіз жолын меңгеруі, ірі мануфактураларға ие болуы бірнеше келелі міндеттерді теор. және тәжірибелік тұрғыдан шешу қажеттігін алға тартты. Нақ осы кезде ғылым Қайта өркендеу дәуірі идеяларының әсерімен схоластикалық дәстүрлерден қол үзіп, практикаға жүгіне бастады. Шығыс жұртының компасты, оқ-дәріні ойлап табуы және кітап басу тәсілін меңгеруі ғыл. және тех. қызметтердің берік одағын құруға жетелеген ұлы жаңалықтар болды. Жалпы, бұл – ғылыми-техникалық прогресстің бірінші кезеңі саналады. Кейінгі кезеңдерде ұлғая түскен мануфактуралық өндіріс мұқтажы үшін су диірменін пайдалану әрекеті кейбір мех. процестерді теор. тұрғыдан зерттеуге жетеледі. Тісті дөңгелектер қозғалысының теориясы, науа теориясы, су қысымы туралы, қарсыласу мен үйкелу туралы ілімдер пайда болды. Яғни, мануфактуралық кезең ірі өнеркәсіптің бастапқы ғыл. және тех. нышандарын дамытып, Г.Галилей, И.Ньютон, .Торричелли, кейін Д.Бернулли, Э.Мариотт, Ж.Л.Д’Аламбер, Р.А.Реомюр, Л.Эйлер, т.б. ғалымдар тарихқа «өндіріс қызметшілері» деген атпен енді. 18 ғ-дың соңында машина өндірісінің пайда болуына математиктердің, механиктердің, физиктердің, өнертапқыштар мен шеберлердің үлкен бір тобының ғыл.-тех. жасампаз іс-әрекеттері негіз қалаған еді. Дж. Уаттың бумен жүретін машинасы конструкторлық-тех. ізденістің ғана емес, «ғылымның жемісі» саналды.
Ғылымның дамуында ғалымның тұлғалық ерекшеліктерінің белгілі бір рөл атқаратынын жоққа шығармасақ та, керінбейтін білімді М.Полани секілді тым әсірелеуге болмайды, бұл білімнің иесі ұжымдық субъект екендігін ұмытпаған дұрыс. Білімді тек жеке білім деп түсіну — қате.
Әрине, тек дәстүрлерге сүйенсе, ғылым дамымай қалар еді. Ғылыми білімнің құрылымында жаңалықтар да ерекше рел атқарады. Ғылыми субъект парадигма-дәстүрлерді басшылыққа алып қана қоймай, оларды жаңалықтармен үнемі толықтырып отыруы тиіс.
Ғылымның дамуындағы ғылыми жаңалықтардың рөлін көрстеу үшін алдымен ғылымның онтологиясын анықтап алған дұрыс. Ресей ғалымы В.В.Ильин ғылымының онтологиясын: 1) гылымның алдыңгы шебі; 2) гылымның мыгым ядросы; 3) гылымның тарихы құрайды деп есептейді.
Сциентизм-антисциентизм (лат. sсіеntіа – ғылым) – негізінде ғылымның әлеуметтік рөлін абсолюттеу, сәйкес алғанда ғылымның қоғамдық эталон ретінде және адамның әлемдегі бейімделуі үшін жеткілікті жағдай ретінде ғылымның маңызын мойындайтын немесе жоққа шығаратын қарама-қарсы дүниетанымдық көзқарастар.
Сциентизм – арнаулы-ғылыми таным ғылыми-теориялық қызметтің жалғыз мүмкін болатын типі және құндылықты-нейтральды, рационалды, сондықтан барлық әлеуметтік проблемаларды шешуге қабілетті бәрін қамтитын дүниетанымды жасауға жеткілікті негіз қалайды деп есептейді. Басқаша айтқанда ҒТР-дің игілікті әсерлеріне, ғылымның болашағына үлкен сеніммен қарайды, оның адамзат өмірінің түбірлі мәселелерін шешудегі мүмкіншіліктерін шексіз деп санайды.
Сциентизм өзінше мәдени және дүниетанымдық үлгі болатын жаратылыстану мен техникалық ғылымдардың жетістіктеріне, нәтижелеріне және әдістеріне бағдар (ориентир) жасайды, өйткені ғылым адам ақылының дамуының жоғары сатысы деп танылады. Сциентизм өзінің теориялық негіздеуін неопозитивизмде, ал дүниетанымдық шешуін Д.Беллдың технократиялық социологиясында алды. Ол постиндустриалдық қоғам концепциясын ұсынды, ғылыми-зерттеу ұйымдарының басымдылығына (доминирование) көшу және ғылыми-техникалық мамандардың жаңа басқарушы табының қалыптасу мүмкіншілігі бар деп есептеді.

Антисциентизм – қоғамдық прогресс идеясынан түңілуді білдіретін, ғылымның мүмкіншіліктерінің шектеулігін көрсететін, оның және ол туындатқан техниканың адамзатты қауіп-қатерлі жолға бастайтын күш деп қарастыратын ұстаным (ғылымнан, техникадан, «қорқу, үрку»). Екінші жағынан, антисциентизм адамның және оның іс-әрекеттерінің рационалды табиғаты туралы идеяның өзін сынауға бағытталған және экологиялық көзқарас пен табиғатқа және қоршаған дүниені дәстүрлі, техногенді емес амалдармен игеру идеологиясына оралумен тығыз байланысты. Антисциентизм идеялық дамуын Франкфурт мектебі шеңберінде және ғылым мен техниканың деструктивтік (бүлдіруші) сипатын мойындатқысы келген әсіресе Маркузеде алды.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет