Сабақ жоспары Тақырыбы: «Тәртіп пен парыз»



Дата25.12.2021
өлшемі1,5 Mb.
#105222
түріСабақ
Байланысты:
Узбекова Айым ҚМЖ 29.09.2020;


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» ҚМҚК




Өзін-өзі тану пәні бойынша сабақ жоспары

Тақырыбы: «Тәртіп пен парыз»

Сынып: 1

Мерзімі:

Тобы:

Машықкер: Узбекова Айым

Баға: «__»______________

Баға: «__»______________


Семей 2020 ж.

Тақырып: «Тәртіп пен парыз»

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлау, тілалғыш болу, шындықты айту.

Мақсаты: Оқушыларға тәртіп пен парыздың мәнін түсіндіре отырып, дұрыс іс-әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларға тек шындықты айту керек екенін үйрету.

2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы тілалғыштық қасиеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлай білуге тәрбиелеу.

Ресурстар:

(бейнеролик, интернет сілтемесі, суреттер)

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi

«5 Т» ережесі

Тәртіп

Тазалық

Талап

Тыныштық

Татулық

Сабақ барысын талқылау:



2. Дәйек сөз

Жақсы тәртіп көрсе бала күнінде,

үлгісімен қуантады түбінде

Ж.Баласағұни
(Жүсіп Баласағұни, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни 

(1020) - ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері.)



Сұрақтар:

1. Тәртіпті бала қандай бала, қалай ойлайсыздар?

2. Тәртіпті бала кімдерді қалай қуанта алады?

3. Дәйек сөзден қандай ой түйдіңіз?



Олай болса есте сақтайық!

«Тәртіп» - «Порядок»- «Order»



3. Әңгімелеу







4. Ширату кезеңі

  • Қоян қандай дұрыс әрекет жасады?

  • Жылан неліктен қоянға тиіспеді?

  • Адамның тәртіптілігі неден көрінеді?

  • Өзіңнің өміріңде сыпайылықтың көмектескен кезі болды ма?



5. Бейнежазба

«Кім бірінші кешірім сұрайды?»

Ұзақтығы: 2:23 мин.



  • Бұл бейнежазбада ағайындылар неге ренжіді?

- Дұрыс айтасыңдар балалар, жауапкершілік ағайындылардың арасында маңызды рөл атқарады. Себебі, ағайындылар бірін-біріне адал болса, сен айналаңа сенімді болып өмір сүруге құлшынысын артады.Сондықтан сендерге адал, тәртіпті, жауапкершілікті болуды ұсынамын.

https://www.youtube.com/watch?v=AIgPbXWAXaU


6. Сергіту сәті

https://cloud.mail.ru/public/3DYg/sQhq7b3Rf






7. Үй тапсырмасы

Шығармашылық жұмыс.



1-тапсырма

Суреттерге қараңдар.Оған қандай тәртіптілік ережесін ұсынар едіңдер? Айтып беріңдер.



2-тапсырма

Үлкендердің көмегімен халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының тәртіп, парыз туралы айтқан дана сөздерімен танысыңдар.



«Тәртіпсіз ел болмайды,

Тәртіпке бас иген ел-құл болмайды» 

Б.Момышұлы






8. Қорытынды

Өз бойларындағы құндылықтармен адами қасиеттеріңді іс жүзінде көрсете алуға мүмкіндік аласыңдар. Тәртіп пен парыз деген тақырыпты түсіндіңдер деп ойлаймын. Адал,тәртіпті адам қандай болу керек екенін ұғынған боларсыңдар.Жауапкершілігі мол адамның бойындағы қасиеттерді өз бойларыңа сіңіріп алуларыңа тілектеспін. Келесі сабақта кездескенше, сау болыңдар!







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет