Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi. Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сіздермен «Өзін-өзі тану»



Дата27.02.2020
өлшемі24,61 Kb.
#58690
түріСабақ
Мекеме атауы 35 жалпы орта білім беру мектебі

Аты-жөні Шегебаева Жадыра Кайрбековна

Лауазымы өзін-өзі тану пәні мұғалімі

Жұмысы өтілі 5 жыл

Санаты екінші

Пәні өзін-өзі тану

Тақырыбы Ізденген жетер мұратқа!

Сынып 6



Тақырып:Ізденген жетер мұратқа!

Құндылық:Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Ерік-күш, еңбекқорлық, табандылық, сабырлылық

Мақсаты:
Оқушыларды өзбетінше танып-білуге, құштарлыққа, талпынысқа, ізденіске асқансүйіспеншілікпен талпынысқа үйрету.

Міндеттері:

 -Оқушыларға мақсатқа ұмтылушылық, мұратқа жету туралы түсінік беру;

-Оқушылардың ерік-күшін дамытуға ықпал ету;

-Оқушыларды еңбекқорлыққа, табандылыққа тәрбиелеу;



Ресурстар:

(құралдар, мәліметтер)


дәйексөз жазылған плакат, дәптер



Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сіздермен «Өзін-өзі тану» пәнінің кезекті сабағында кездескеніме өте қуаныштымын.


  • Қане, балалар 5 «Т» ережесін еске түсірейік

Тыныштық сәтi.

Су асты патшалығына ойша саяхат.

Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Жаттығу кезінде қандай көңіл-күйде болдыңыз?

Қандай сезім пайда болды?

Нені елестете алдыңыз?



Сабақ барысын талқылау:

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

«Менің қолымнан бәрі келеді» деген тақырыпқа жазған эссені тексеру




Дәйексөз:

Мать Тереза: «Ұлы нәрсе іздемеңдер, алайда кішкентай істі ұлы сүйіспеншілікпен қарау керек»

-         Ұлы нәрсе дегенді қалай түсінесіздер?

-         Сүйіспеншілік дегеніміз не?





Оқиғаларды әңгімелеу.

Бір үзік сыр

Шоқан ғашық болды ма, білмеймін. Омбыда ол құмартқан жағдайлар болды, бірақ олар ұзаққа бармайтын және іс Полонский мен Майковтың өлеңдерін оқып бергенмен шектелетін. Ол орыс қызына үйленбейтінін айтатын, өйткені ол өз қырғыз халқына қызмет жасағысы келеді, ал ол үшін мұсылман болып қалу керек. Шын мәнінде, ол діни мәселелерде ақыл-ойға жүгінетін.


...Егер Шоқан қырғыз халқының ішінен оқырман ортасын тапса, өз халқының кемеңгері болып шығар еді. Сондай-ақ өз жерлестерінің әдебиеті пайда болуының негізін қалар еді.
Шоқан өз замандастары арасында өмір сүрді. Олармен өз қызығушылығын бөлісті, бірақ ол болашақтың тағдырына қатты алаңдады. Ол өз халқының болашағы үшін пайда келтіретін еш нәрсе істеген жоқ. Бірақ ол не істей алар еді? Өз халқының тарихын жаза ма, ертегілердің жинағын құрастыра ма, әлде ұлттық дәстүрлерді жинап құрастыра ма немесе халықтың тұрмыс-салтын суреттей ме? Дегенмен мұндай жекелеген міндеттер Шоқан секілді тұлғаны қанағаттандырған жоқ. Оның негізгі міндеті қырғыз халқы үшін жазатын публицист немесе әдебиетші болу еді. Ал тағдыр оны шығыстанушы-ғалым немесе қырғыздар туралы жазатын орыс әдебиетшісі ғып шығарғысы келді. 

Г.Н.Потанин. 
«Ш.Уәлиханов туралы өмірбаяндық мәліметтер».

1. Бұл үзіндіні қалай түсіндіңіз?

2. Шоқан Уалихановтың бойында қандай қасиеттер болған?





Шығармашылық іс әрекет, топтық жұмыс

Осы сұрақтарға жауап беру



  • Адам баласы неліктен үнемі талпыныс,ізденісте болады?

  • Ізденіс болмаған жағдайда не болады деп ойлайсыңдар?

  • Адам көздеген мұратына жету үшін қандай әрекеттер жасайды?

  • Адамды қандай қасиеттер табысқа жеткізеді?




Топпен ән айту.

«Армандастар»
1.Бір ауылдың түлеп ұшқан жастары едік
Бір дәурдің мөлдіреген аспаны едік
Бәріміз де жазылмаған дастан едік
Армандастар - құрдастар
Қайырмасы:
Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік
Бәріміз бір өмір жолын бастап едік
Армандастар қайда?
Абзал достар қайда?
Замандастар, қарлығаштар қайда екен?

2.Арман қуған, қиял қуған кезің қайда
Құрбы қыздар, мөлдіреген көзің қайда?
Сол алғашқы алаулаған сезім қайда?
Армандастар - құрдастар
Қайырмасы:

3.Бәрің, достар әр тарапқа кеттіңдер ме
Әлде биік асулардан өттіңдер ме?!
Әлде игі армандарға жеттіңдер ме?!
Қайдасыңдар, құрдастар?!

Қайырмасы:




Үй тапырмасы

Келесі сабақ «Әсемдікке ұмтылайық!» соған дайындалу




Тыныштық сәті

«Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде,



Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бүкіл әлемде».




Каталог: files -> caf
caf -> Сабақтың тақырыбы: Қазақфильм киностудиясы. Сабақтың мақсаты: Білімділік: а кино өнері туралы мәлімет беру
caf -> Сабақтың тақырыбы:
caf -> Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин әңгімелері «Әке мен бала», «Жаман жолдас» Сабақтың мақсаты
caf -> Сабақтың тақырыбы С. Торайғыров «Шілде» өлеңі Сілтеме
caf -> Мақсаты: Балаларды шығарманы мазмұндауға үйрету. Міндеттері
caf -> «Көңілді қыс» Возрастная группа дайындық топ Білім беру бөлімінің №1 сәбилер бақшасы Мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорын Ашық сабақ Тақырыбы: «Көңілді қыс» Дайындық
caf -> Тақырыбы: «Қысқы орманға саяхат»
caf -> Сабақтың барысы. Тәрбиешінің алдында үстел үстінде телефон тұр, біреу қоңырау шалады. Балалар тәрбиешінің қарама- қарсы отырады
caf -> Бөлімі: Тіл дамыту Тақырыбы: «Қыстайтын құстар» Мақсаты: Білімділік


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет