Құндылығы: Дұрыс әрекет Қасиеттері: тілалғыш болу, батылдық, мұғалімдерді сыйлау Мақсаты



Дата07.02.2022
өлшемі2,05 Mb.
#86648
Байланысты:
2 сынып №8


Мектеп – біздің ортақ үйіміз.
Құндылығы: Дұрыс әрекет
Қасиеттері: тілалғыш болу, батылдық, мұғалімдерді сыйлау
Мақсаты: оқушылардың мектепті ортақ үйі ретіндегі көзқарастарын қалыптастыра отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
1. Білімділік: Оқушыларды тілалғыш болуға үйрету.
2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы батылдық қасиеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды мұғалімдерді сыйлауға тәрбиелеу.
Үйге тапсырманы тексеру
1. №7 – сабақ. «Менің мектебім» тақырыбына шағын әңгіме жазу.
2. Келесі сабақ. №8, Михаил Водопьяновтың «Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін» мәтінін оқып келу.
Сұрақтар:
1. Леваға жақсылық жасауға сыныптастарын не итермеледі? 2. Сыныптастардың іс-әрекетінен қандай құндылықтар мен қасиеттерді көруге болады? 3. Өздеріңе сыныптас достарыңның жасаған жақсылықтарын естеріңе түсіріп, әңгімелеп беріңдер? Сол кезде не сезіндіңдер? 4. Сендер бір-біріңе қалай көмектесесіңдер?
Сабақтың дәйексөзі.
(Оқушыларға 3 рет айтқызып, дәптерге жаздырту)
Өмірдің өзі – ұлы ұстаз.
Халық даналығы
Сұрақтар:
1. Ұстаз қандай болу керек?
2. Ұстамы жақсы дегенді қалай түсінесіңдер?
3. Шәкірт ұстазынан озады дегенді қалай түсінесің?
4. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?

Мұғалім сыйы. Табанды бала.


Сұрақтар:
1. Әңгімеде қандай жағдаят суреттелген?
2. Бауыржанның бойында қандай құндылықтар мен қасиеттер басым деп ойлайсыңдар?
3. Бауыржан қандай дұрыс әрекет жасады?
4. Өз өмірлеріңде осындай жағдайлар болды ма? Әңгімелеп беріңдер.
Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.
Оқушылар үш топқа бөлінеді.
1 – топ: «Достық»; 2 – топ: «Бауырмалдық»; 3 – топ: «Жолдастық»
Тапсырма: Мектептегі достық, жолдастық ережесін жасау.
Топпен ән айту.

Ақылшым – мұғалім Өлеңін жазған: Әнуарбек Дүйсенбиев Әнін жазған: Ибрагим Нүсіпбаев
Сәбилік көңілден Арналды бұл әнім. Баулитын өмірге Ақылшым – мұғалім. Тіліңді аламын, Айтқанды ұғамын. Мен сендей боламын, Ақылшым – мұғалім. Арқаңда өзіңнің Адам боп шығамын. Бәрі алтын сөзіңнің, Ақылшым – мұғалім.
Үй тапсырмасы.
1. №8 – сабақ. «Таза мектеп ауласы» акциясының жоспарын жасау.
2. Келесі сабақ. №9, Василий Сухомлинский «Жүре алмайтын бала» әңгімесін оқып келу.
Сабақтың қорытынды сәті.
Тыныс алуға зейін қою.
Баяу музыка қойылады.
Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.
Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...
Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет!
Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет