Ш. ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
«Ғылым және технологиялар» ФАКУЛЬТЕТІ
«БЕКІТЕМІН»
АБ төрағасы
__________ Нигметова Г.Н.
«_____» ________ 2023 ж.
B01.008 Бағалаудың өлшемдік технологиялары пәнінің
SYLLABUS
Білім беру бағдарламасы: 6В01503 -–Информатика
Оқу формасы: күндізгі
Курс: 3, семестр: 5
ЕCTS саны: 5
Оқу тілі: қазақ
Силлабус АБ . . 201 ж. (№. хаттама) мәжілісінде талқыланды.
Кафедра меңгерушісі _____________ Жумадилова М.Б.
Пән оқытушысы: _______________ Урбисинова Г.У.
Пән оқытушысы туралы мәлімет: Урбисинова Г.У. «Компьютерлік ғылымдар» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистранты.
Кеңес беру уақыты – әр аптаның сейсенбі күні, 09.00-13.00, ауд. ДО212
Тел ном.: +7 7014804846, Электронды поштасы: gulzira.urbissinova@yu.edu.kz
Ақтау, 2023
1. Пәннің сипаттамасы: студенттерді оқыту нәтижелерін бағалаудың заманауи технологияларымен таныстыру. Пән студенттердің бойында оқыту сапасын бақылауды ұйымдастыруға шығармашылық көзқарасты қалыптастыруға, мақсат қоюға, оқушылардың білімін тексеру үшін материал мазмұнын таңдауға, оқыту нәтижелерін бағалау әдістерін, нысандары мен құралдарын таңдауға байланысты кәсіби іскерлік пен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
2. Пәннің мақсаты: мектепте Информатика бойынша білім нәтижелерін қазіргі бағалау технологиялары саласында студенттерді теориялық дайындау және мектепте саралап оқыту жағдайында информатикадан оқыту нәтижелерін бағалауда қазіргі уақыттағы құралдарды пайдаланудың практикалық дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
3. Пәннің міндеттері:
Информатика бойынша білім алушылардың жетістіктерін диагностикалау әдістері мен құралдарының қазіргі жағдайы туралы білімінің;
Информатика бойынша оқушылардың оқытудың нәтижелерін бағалаудың қазіргі құралдарын практикалық қолданудың біліктері мен дағдыларының;
информатикадан оқыушыларды объективті бағалаудың негіздерін меңгеруге қызығушылық және оң мативация (уәждеме), шығармашылық іс-әрекетке жетуге талпынудың қалыптасуы мен дамуы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |