«Ғылым таппай мақтанба »


«Күллі адам баласын қор қылатын 3 нәрсе бар: содан қашпақ керек. Ол: әуелі-надандық,екіншісі-еріншектік,үшіншісі-залымдық



бет18/19
Дата07.02.2022
өлшемі255,28 Kb.
#95553
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Жоба
120511358663 Мол.ф. есептер шығару әдістемесі
«Күллі адам баласын қор қылатын 3 нәрсе бар: содан қашпақ керек. Ол: әуелі-надандық,екіншісі-еріншектік,үшіншісі-залымдық.
Надандық-білім-ғылымның жоқтығы,дүниедегі еш нәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік хайуандық болады.
Еріншектік- дүниедегі күллі өнердің дұшпаны. Адам адам баласына дұшпан
болса,адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан есебіне қосылады деп бұл үшеуімен аяусыз күресті де, оларды жоюдың емі-ғылымды,адал еңбекті, адам
гершілікті атап,өз шығармаларында осы үшеуін дәріптеп өсиет етті.
Абай өз жасында ғылым оқи алмай қалғанын арман етіп жазған өлеңі:
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Ол баласын мақтан етсін,мал тапсын деп емес,бір ғана ғылым үшін бергенін
айтады.
Адамның бір қызығы бала деген,
Баланы оқытуды жек көрмедім.
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.
Абай ізгі мақсатқа жету үшін қандай әдіс-тәсіл, айла –амалдан да бас тартуға
кеңес береді. Түңілмеген адам түбінде бір жететініне сенеді.
Ғылым болмай немене,
Балалықты қисаңыз.
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз,
«Ондай болмақ қайда?»деп
Айтпа ғылым сүйсеңіз.
Ғылымның қажеттілігіне көз жеткізу үшін оның тигізер пайдасын да қалдырмай айтады.
Дүние де өзі мал да өзі,
Ғылымға көңіл бөлсеңіз Осы ғылыми жобамды Абайдың өзінің екі ауыз өлеңімен қорытындылайық:
Ниетің түзу болса, сенің аппақ,
Екі елі аузыңа қойсаң қақпақ.
Сыбыр ,өсек дегенді сырттай жүріп,
Ғылым, өнер,мал таппақ,жұртқа жақпақ.
Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап,
Өзіңе сен,өзіңді алып шығар
Еңбегің мен ақылың екі жақтап.





Абайға арнау
Абай-дара,Абай-дана қазақта,
Абайды танымайтын қазақ бар ма?
Абай арқылы танылдық әлемге,
Бұдан артық бақыт бар ма халықта.

Сіздей ақын аз болар,


Ерекше ақын Сіз болар.
Әділдікке жаны құмар,
Сіздей ақын жоқ болар.

Елдің қамын,қазақтың жайын,


Жырладыңыз әрқашан.
Мұндай жалғыз ақын,
Қазаққа ғана бұйырған.

Абай ата дана жансыз,


Халыққа үнемі жақынсыз.
Асқақтаған атыңыз,
Өшпесін мәңгі даңқыңыз.
Шәкіртім Шегиров Әділеттің арнау өлеңі
4-сынып. Мамыр .2020 жылғы








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет